Таксистерге шабуылдап келген қарақшылар сотталды

241
таксисттерді торуылдап келген топ алты жылға сотталды
таксисттерді торуылдап келген топ алты жылға сотталды
таксисттерді торуылдап келген топ алты жылға сотталды

Шымкентте таксисттерге шабуыл жасап келген жас қарақшыларға үкім оқылды. Бұл іс кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған болатын. Атап өтерлік бір факті, қылмыстық топтың құрамында қыздар да болған.

Қарақшылар өздерінің қылмыстық әрекеттерін өткен жылдың тамыз айында бастаған. Мақтаарал ауданынан келген төртеу алдын ала сөз байласып, 8-тамыз күні Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде отырады. Содан қайтарда такси тоқтатқан. Діттеген жерге жеткен соң жүргізушінің мойнына жіп салып, қылғындырады. Әбден ұрып-соғып, көлігін мініп кетеді.

Серікбай Төлепбергенов, ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Төртеуі автокөлікті айдап кетіп, көлік жуу орнына апарып, құжаттарды пайду көру мақсатында жыртып тастап кеткен».

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілер барлық әрекеттерін бір әдіспен жүзеге асырып келген. Яғни таксистерді тоқтатып, адам аяғы аз жерге жеткенде оларды ұрып-соққан. Содан кейін көліктерін айдап әкетіп отырыпты.

Айыпталушылардың үшеуі 6 жылға темір торға қамалса, кәмелетке толмаған біреуі 5 жылға бас бостандығын айыру шарасына кесілді. Ол жазасын жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1cJu-YNUqWU[/youtube]