Тіл фестивалі өтті

Қаламызда қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған «Тіл фестивалі» ұйымдастырылды. Фестивальге тек облысымызда тұратын қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты. Татар, өзбек, грек, шешен, орыс ұлтты оқушылар қазақ тілінде ән салып, ұлттық өнерімізді паш етті.

Түрлі ұлт өкілдерінің туыстық қатынасын білдіретін шаңырақ
Түрлі ұлт өкілдерінің туыстық қатынасын білдіретін шаңырақ

«Мен екі жылдан бері қазақ тілін үйрене бастадым. Отбасымда ағам таза қазақ тілінде сөйлейді. Мені үйреткен де сол. Бүгінде қазақ сыныбында білім аламын. Достарым да қазақ. Мен тілді үйренуді мақсат еттім. Әрине алғашында аздап қиындықтар болды. Үйде, мектепте, аулада қазақ тілінде жиі сөйлеп, үйренуім оңайға түсті. Бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын және ары қарай тілді жетік меңгерсем деймін»,-  дейді Владислав Гаврилов.

Бірінші орын иегері - Владислав Гаврилов
Бірінші орын иегері – Владислав Гаврилов

Он бес қатысушының дені түрлі үйірменің мүшесі болса, арасында балабақша балдырғандары да бар. Жарыстың қорытындысы бойынша орыс ұлтының өкілі, №35 мектептің оқушысы Владислав Гаврилов бірінші орынды жеңіп алса, екінші орыннан «Тілашар» үйірмесінің мүшесі Диана Соколова (орыс) мен Элизавета Мот (ағылшын) көрінді. Үшінші орынға Екатерина Михайленко (украин) мен Максим Андреев (орыс), Шахсұлтан Алиев (түрік) тұрақтады.

Жарысқа он бес өзге ұлт өкілі қатысты
Жарысқа он бес өзге ұлт өкілі қатысты

Қалалық балалар және жасөспірімдер орталығындағы «Достық» мұражайы өткізген шара «Ана тілі» айлығы аясында ұйымдастырылған. Үйірме жетекшісі түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен бірлікті нығайтуда, қазақ тілін қолдануды кеңейту мақсатында мұндай шараның маңызы зор деп біледі.