Желтоқсан оқиғасы құрбандарына ескерткіш орнатылады

702
Желтоқсан көшесіндегі ескерткіштің эскизі
Желтоқсан көшесіндегі ескерткіштің эскизі
Желтоқсан көшесіндегі ескерткіштің эскизі

Шымкентте қаланың көркіне нұқсан келтіріп тұрған құрылыстармен күрес басталды. Бірінші кезекте қызыл сызыққа салынған Желтоқсан көшесі бойындағы коммерциялық нысандар бұзылып жатыр. Кеше ғана бұл жерде дәмхана мен жихаз дүкені болатын. Ал бүгін техника осындағы құрылыс қалдықтарын тазалауда. Заңсыз құрылыстарды бұзу жөнінде коммерциялық нысандардың қожайындарына алдын ала ескертілген. Қала әкімдігіндегілер бұл орында Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған ескерткіш салынады деп жоспарлауда.

Нұрлан Архабаев, Шымкент қаласының бас сәулетшісі: «Жер телімін мемлекет меншігіне алу бойынша жұмыстар жүргізілді. Желтоқсан оқиғасы құрбандарына арналған ескерткішті орнату үшін  жер белгіленді. Аэровокзал аумағында ескерткіш не кешен болатынын арнайы комиссия шешеді. Жылдың екінші жартысында құрылыс басталады».

Үш көшенің тоғысқан жерінде бой көтеретін ескерткіштің эскизі сәулет және қала құрылысы бөліміне келіп түсуде. Авторлар – жергілікті суретшілер. Егемендігіміздің нышаны -Сәулет кешенінен бөлек аумақ көгалдандырылып көріктендіріледі. Мақұлданған жоба бойынша құрылыс жұмыстары биыл жазда басталмақ.