Зардап шеккен аудан тұрғындарына арналып құрылған қорға 150 млн. теңге жиналған. Бірақ билік басындағылар әзірге бұл қаржыны халыққа таратпаймыз деп отыр. Өйткені шығынның бір бөлігін жабуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі керек. Сол кезде бәрін бірдей халыққа бермек.
Еске сала кетейік, биыл айтып келмесе де, қайтып келген апаттан зардап шеккен аудандардың шығыны 1 млрд. 50 млн теңге. Созақ ауданының өзіне 865 млн. теңге керек. Мұнда дүлей дауыл салдарынан 43 әлеуметтік нысан мен 2 мыңға тарта үй шатырсыз қалған болатын. Оған топан су шайып кеткен Сарығаштағы үйлер мен жолды тағы қосыңыз.
Сакен Қаныбеков, ОҚО әкімінің орынбасары: «Жалпы барлық қаражат өкіметтен берілгеннен кейін таратылады. Барлығы бір уақытта беріледі. Былтырғы жылы да тура осындай болған. Өйткені халық арасында наразылық туады. Анаған бірінші берілді, маған кейін берді деген түсінбеушіліктер болады».