Қосымша пойыз қосылды

406
Алматы-2-Шымкент бағыты
Алматы-2-Шымкент бағыты
Алматы-2-Шымкент бағыты

22-наурыз – мереке күндеріне орай, «Алматы-2 – Шымкент» бағытында қосымша жолаушылар пойызы жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл – жолаушылардың өтініштеріне байланысты шығарылған шешім. Айта кетейік, Алматы-2 станциясынан 21 наурызда сағат 23.30-да аттанған пойыз Шымкентке 22 наурыз күндері сағат 12:56-да келіп жетеді.

Ал, Шымкенттен 22 наурыз күндері сағат 17.05-те жүретін пойыз «Алматы-2» станциясында 9 және 23 наурызда таңғы сағат 06:55-те келеді, деп күтілуде.

Құрамда 14 жолаушы вагоны бар, оның 4-і – купе, ал 10-ы – плацкарт.