Өзгелер қалай тойлайды?

фото liveinternet.ru

Түркі тілдес халықтардың көпшілігі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтеді. Дегенмен, әр халықтың әз мерекені атап өту дәстүрі, салты әрқилы. Оқырмандарымыз біле жүрсін деген ниетпен әр ұлттың Наурыз мерекесін атап өту дәстүрінен хабардар етуді жөн санадық. Сонымен…

Ежелгі тәжіктер «Наурыз» сөзін «бәйшешек» , «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғдылар «наусарыз», армяндықтар «навасарди» деп түрліше атаған. Сәйкесінше әр елдің мерекені тойлауда да өз ерекшелігі бар. Жалпы, Наурыз мерекесін тойлаудың тарихы тереңде. Мұны Омар Хайям мен Әбу Райхан Бирунидің еңбектерінен де аңғару қиын емес.

Новруз Байрамы әзірбайжандықтардың  ең басты әрі сүйікті  мерекесі. azerbaijan.kavkaz-uzel.ru
Новруз Байрамы әзірбайжандықтардың ең басты әрі сүйікті мерекесі. azerbaijan.kavkaz-uzel.ru

Новруз Байрамы әзірбайжандықтардың ең басты әрі сүйікті мерекесі. Бағзы заманнан бері бүгінгі күнге дейін мереке күндері шаруалар егіншілік жұмыстарын тоқтатып, салт-дәстүр бойынша көңіл көтерген. Байрамның алғашқы күні таң ата салысымен әзірбайжандарға ояну міндет. Мүмкіндігінше жақын маңдағы өзен-бұлақтарға барып, бір-біріне су шашысып ойнаған. Су тазалықтың белгісі. Сондықтан жаңа жылда жаңа бақыт әкеледі деген нанымға сенген.

Әзірбайжандықтар ас мәзіріне көп көңіл бөледі. Дәстүр бойынша әрбір отбасы дастарқанға «с» әрпінен келетін жеті түрлі тағам түрлерін қойған.Ол «сумах», «скэд» (аудармасы сүт дегенді білдіреді), «сирке» (сірке суы), «семени» (арнайы бидайдан жасалған ботқа ), «сабзи» (түрлі аскөк және т.б.).Бұдан бөлек дастарқанға айна қойылыпты. Мұның себебін түрліше пайымдаған боларсыз. Дегенмен ерте замандағы елдердің мифологиясында жер шары алып өгіздің мүйізінде орналасқаны айтылады. Бір жыл бойында әбден шаршап шалдыққан өгіз жер бетін бір мүйізінен екінші мүйізіне лақтырып, орнын ауыстырады екен. Дәл осы кезде дастарқанға қойылған айна қозғалып, жаңа жылдың келгенін білдіреді.

Туған күні Нооруз мейрамымен тұспа-тұс келген балалардың есімін қырғыздар Ноорузбай, қыз болса  Ноорузгул деп қойған. mobile.kloop.kg
Туған күні Нооруз мейрамымен тұспа-тұс келген балалардың есімін қырғыздар Ноорузбай, қыз болса Ноорузгул деп қойған. mobile.kloop.kg

Туған күні Нооруз мейрамымен тұспа-тұс келген балалардың есімін қырғыздар Ноорузбай, қыз болса Ноорузгул деп қойған. Бұл күндері әрбір жанұя ақ дастарқан жайып, құрамында ұн, май және құмшекері бар «сумелек» әзірлейді. Мереке қарсаңында адамдар үй іші мен сыртын тазалап, қарыздарынан құтылған. Егер араздасқан адамы болса, татуласқан. Ал мереке күні молшылық болсын деген ырыммен барлық ыдыс-аяққа толтырып сүт, айран және бұлақтың таза суын құйған. Ағайын-туыс пен көрші-қолаң кездескен жерде жақсы тілектерін айтып, жамандық атаулыдан аулақ болуын тілеген. Тұрғындар үстеріне таза немесе жаңа киім киіп, бүкіл ауыл болып жиналған. Онда үлкен өгізді соғымдап, етінен «нооруз кеже » әлде «чон кеже» (үлкен көже деген мағынаны береді) әзірлеген. Көженің құрамына ет, май, күріш, түрлі дәнді дақылдар мен ұн, картоп пен басқа да қоспалар кірген. Мұндай көже жиылған қауымның барлығына бірдей жететіндей етіп әзірленген. Бүгінде мереке күндері халық арасында көженің орнына «палау» дайындау кеңінен тараған.

Түркіменстанда «Новруз» мейрамы  ресми түрде 1992 жылдан бері аталып келеді
Түркіменстанда «Новруз» мейрамы ресми түрде 1992 жылдан бері аталып келеді

Түркіменстанда «Новруз» мейрамы ресми түрде 1992 жылдан бері аталып келеді.

Бұл елде дастарқан басына бидайдан жасалған тағам түрлері, халва және ұннан жасалған ас түрлері қойылған. Дегенмен түркімендер үшін ең басты тағам бидай сабағынан дайындалған «семене» болып есептеледі.

Өзбекстан халқы «Навруз» мейрамына  15-20 күн алдын дайындала бастайды. www.liveinternet.ru
Өзбекстан халқы «Навруз» мейрамына 15-20 күн алдын дайындала бастайды. www.liveinternet.ru

Өзбекстан халқы «Навруз» мейрамына 15-20 күн алдын дайындала бастайды. Яғни арықтарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін әктейді. Әр махалля (көше, ауыл ) Наурыз мерекесін өз шайханасында тойлайды. Сондай- ақ көршілес шайханаларға да барып, көңіл көтерген. Мейрам қарсаңында арнайы, тек осы мереке кезінде ғана әзірленетін тағам түрлері «сумәләк» пен ханпалау. Ең бастысы өзбектер де қазақтар сияқты бұл күндері қайырымдылық шараларын кеңінен өткізуге қатты көңіл бөледі. Үйсіз-күйсіз жүрген адамдар мен жетім балаларға көмек көрсету үлкен сауап деп ұғынады.

Дайындаған – Сәуле ОРАЗБАЕВА