Бас мүфти Ержан қажы Маямеров Шымкентте

403
29 наурыз 2013 жыл. Бас муфти Шымкентке келді

 

бас мүфти Ержан қажы Малқажыұлы
бас мүфти Ержан қажы Малқажыұлы

Дәл осы  сәтте Қазақ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Ержан Маямеров Шымкентте имамдармен кездесу өткізіп жатыр.

Мүбәрәк жұмада Оңтүстікке ат басын тіреген бас мүфти мұнда 3 мәселе бойынша жүр.

Ержан қажы ең алдымен жаңадан салынып жатқан облыстық мешіттің құрылысын аралады. Мұнан соң біздегі «Шымкент медресесінің» жұмысымен танысты.

Бұл сағатта Оңтүстіктегі күрделі діни ахуал да сөз болып жатыр.

Естеріңізде болса, 25-ақпан күні  Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылының имамы қыз зорламақ болғандығы жайында жазған болатынбыз. Ол арам ойын Алланың үйі мешіт — ішінде асырған. Діндар құқық органдарымен құрықталып, сол кезде-ақ  кінәсін толық мойындаған еді.

Сонан соң, имамға қатаң сөгіс жарияланып, барлық облыстағы имамдар аттестациядан өткен болатын.