Дипломы бар жастар жұмыссыз жүр

546
акция барысы
акция барысы
акция барысы

Жұмыссыздар саны азаймайтын өңіріміздің өзекті мәселесіне еліміздің бас партиясы да бей-жай қарамайтынын білдірді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асыру мәселелері талап-тілектері бойынша ашық қабылдау өткізді. Жұмыссыз азаматтардың сауалына облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев жауап берді. Қабылдау аясында арнайы акцияда ұйымдастырылып, жұмыс берушілерде қатысты.

Шынар Ізбасарова
Шынар Ізбасарова

Шынар Ізбасарова 2008 жылы қаламыздағы жекеменшік ЖОО-ның бірін бітірген. Мамандығы заңгер. Білімді болса да,жұмыссыз. Екі қолға бір күрек іздеп бармаған жері қалмаған.

Шынар Ізбасарова, жұмыссыз: «Мұндай акциялардың нәтижесі болады дегенге сенуден қалдым. Қайда барсаңда, өтірік отчет. Мына жерде жұмыс бар деп жібереді, барсаң алып қойдық деп отырады. Танысың болмаса, шансыңда жоқ деген рас екен. Жұмыссыздар қатарында 1 жыл 3 айдан бері тұрамын. Тиіп жатқан пайдасы жоқ. Бәрі бекер».

Қабылдауға жұмыс іздеп келген жастардың қатары қалың. Қағазбастылық пен құрсөзділіктен шаршаса керек, мұндай жәрмеңкелер мен акциялардан нәтиже шықпайтынына сенімді. Десе де бір үміт айдап келген оларды.

Қыдырбай Пашаев, жұмыссыз: «Кеден ісі мамандағын бітіргенмін. Сондан бері жұмыс іздеп жүрмін. Уже 3 жыл болды. Нәтижесі жоқ, соңғы үмітімізбен «Нұр Отанға» келіп тұрмыз. Нәтиже шықпаса, таң қалмаймын».

Бас партияның облыстық филиалы ұйымдастырған жұмыспен қамту акциясына қатысушыларды жеке-жеке қабылдаған облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев жұмыссыз жастардың таңдаған мамандықтарына қарны ашитындығын жеткізді. Десе де мемлекеттік бағдарламаның бағыттары бойынша қайта даярлауға, кәсіби оқытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Әли Бектаев, облыс әкімінің орынбасары: «Келіп отырған азаматтардың көбісін байқасаңыз, мамандықтары мұғалім, бухалтер, заңгер. Өздеріңіз жақсы білесіздер бізде мұғалім де, заңгер де, ессепші де өте көп. Бұл біздің жоғары оқу орындарымыздың сол кезде жүргізген дұрыс емес саясатының есебінде болған нәрсе. Одан кейін ата-аналарда балам оқыса болды деп, сол мамандықты оқытады, бухгалтер бойынша диплом алып шығады, соңына келгенде жұмыс жоқ».

Акция облысымыздың түкпір-түкпірінде де өтіп жатыр. Үш күнге созылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=m2ey_PLc–Q[/youtube]