Еңбек мигранттарының тапталып келген құқығы қадағаланады

515
Жалдамалы жұмысшылар бұрышы
Жалдамалы жұмысшылар бұрышы
Жалдамалы жұмысшылар бұрышы

Облыстық мәдениет орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлескен жиын өткізді. Басқосудың басты мақсаты-жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғау. Біздің өңір «БҰҰ-әйелдері» бағдарламасының белді өкілдері арқасында ішкі еңбек мигранттарының құқығын таптатпауда біршама жетістіктермен алда.

Жыл сайын еңбек келімшектерінің саны артып келеді. Әсіресе, шеттен келген емес, ішкі миграцияның үлесі басым. Ол аймақтардағы экологиялық және экономикалық проблемалардың артуына септігін де тигізіп жатыр. ҮЕҰ-дың есебінше Қызылорда облысының тұрғындары Астана , Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Сондықтан олардың еңбек құқығының тапталмауын қадағалау керек.

Әлия Ілясова, «БҰҰ -әйелдері» бағдарламасының ҚР бойынша ұйымдастырушысы: «Стартегияның болашағы бар. Еңбеккерлердің ақысын жемей, ашық әрі табысты жұмыс істеулеріне болады. Сондай-ақ, білім және денсаулық сақтау, еңбекпен қамту мәселелері де сақталады».

Бұл құжатты шетелде жоғары бағалайды. Сондай-ақ біздің аумақта да жүзеге асуда. Қазіргі таңда екінші сатысы бойынша іске көшкен үкіметтік емес ұйымдар жергілікті биліктің көмегінсіз қамданып жатыр.

Басқосуда "еңбек мигранттарының" тапталған құқықтары қаралды
Басқосуда «еңбек мигранттарының» тапталған құқықтары қаралды

Клара Алипова, «ОҚО Азаматтық Альянс»  ҚБ президенті: «Концепциямызды барлық жерге жібердік. Өкінішке орай, жауап жоқ. Қандай да бір бастаманы биліктің рұқсатынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Сол үшін бірігіп, жұмыс жасауға шақырамын».

Жобаны жүзеге асыру үшін қаржы керек. Оны үкіметтік емес ұйымдар облыстық биліктің қолдауына иек артпақ. Қаржылай көмек болса, ішкі мигранттардың еңбек құқығын қорғауға белсенді, арнайы бағдарламалары да дайын. Мамыр айында Шымкент қаласында халықаралық конференция өткізу де жоспарда бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=roa_XGoZFWw[/youtube]