Кәсібіңізді ашқыңыз келсе, арнайы орталықтан көмек алыңыз

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына соңғы жарты жылда 4590 азамат өтініш-тілекпен келсе, соның 4 мыңнан астамына тиісті көмек беріліпті.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына соңғы жарты жылда 4590 азамат өтініш-тілекпен келсе, соның 4 мыңнан астамына тиісті көмек беріліпті.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына соңғы жарты жылда 4590 азамат өтініш-тілекпен келсе, соның 4 мыңнан астамына тиісті көмек беріліпті.

Жергілікті өндірістің сүті, қаймағы және ірімшігі. Егер бұрын сүт өнімдері өңірімізге басқа қалалардан тасымалданатын болса, енді Оңтүстіктің кәсіпкерлері олармен бәсекеге түсе алатындай қабілетке жете бастады. Жергілікті жұртты ағарғанмен қамтамасыз ету үшін «Алтын дән» кәсіпорны халыққа қызмет етуде. Бірақ игі істі бастауға ондағы құжат рәсімдеу кедергі келтірген еді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары кәсіпкерге дер кезінде жолығып, рәсімдеу істеріне көмек берді. Соның арқасында 9 айға созылған құжаттандыру жұмысы 15-ақ күнде шешілді.

Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 5 тоннаға дейін сүт өнімдерін беруде. Өнімдердің бағасының қолжетімді болғанынан болса керек, ағарғандарды Сарыағаш, Леңгір, Арыс, Ақсу тіпті, Қызылордаға дейін әкетіп жатыр. Мәселен, айранның бір литрі 160 теңге болса, қаймақ орамасы – 145 теңге. Кәсіпорын басшылығы өз өнімдерін басқа қалаларға да таратсақ деген жоспары да бар. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан көмек алған мекеменің бірі – «Поли пласт корпорейшн». Кәсіпорын ауызсу жолдары және газ үшін құбырлар шығарады. Бұл өнімдердің коммуналды шаруашылықта, химиялық, металлургиялық салаларда сұранасы мол.

Өндірістің көлемі жылына 5 мың тоннаны құрайды. Жылдық пайды 1,5 млрд. теңге деген сөз. Өндіріс көлемін екі есеге дейін көбейту де жоспарлануда. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына соңғы жарты жылда 4590 азамат өтініш-тілекпен келсе, соның 4 мыңнан астамына тиісті көмек беріліпті. 570 кәсіпкер құжат бойынша ісін реттесе, тағы 300 адам 6,5 млрд. теңгеге қаржыландырылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bNXjyKbdmJk[/youtube]