Мереке күні 116 адам жол апатынан зардап шеккен

311
Жол көлік оқиғасының орын алуына басты себеп жол жүру ережесін сақтамау болып табылады дейді пагондылар

 

Жол көлік оқиғасының орын алуына басты себеп жол жүру ережесін сақтамау болып табылады дейді пагондылар
Жол көлік оқиғасының орын алуына жол жүру ережесін сақтамау себеп болған

Шымкентте көлік жүргізушісі екі адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті. Жол апаты тура сегізінші наурыз күні, Сайрам көшесі бойында орын алды.

Соққының қатты болғаны сонша 67 және 58 жастағы жаяу жүргінші сол жерде тіл тартпай кеткен. Сөйтіп мереке күні екі отбасы қара жамылды.

Қазір көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр. Әзірге ол Мерседес автокөлігін тізгіндеген 33 жастағы азамат боулы мүмкін деген болжам бар.

Жол полицейлерінің сөзінше, мереке күндері Шымкентте жол көлік оқиғалары тым көп болды. 5 адам қаза тауып, 116 адам жарақат алды.