Оңтүстікте «Шаттық» күні тойланды

473
сурет: altaynews.kz сайтынан алынды
сурет: altaynews.kz сайтынан алынды
сурет: altaynews.kz сайтынан алынды

Наурыз шаттықтың, қуаныштың мейрамы. Бүгін облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес өңірімізде «Шаттық күні» деп жарияланған. Мерекелік шаралар аясында бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов өткен жылы мол табысқа кенелген дихандар және бағбандармен, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесіп, Наурыз мейрамымен құттықтады. Облыс әкімдігінің атынан алғыс хаттар тапсырып, сый-сияпат жасады.

Жастар ұйымдарының бастамасымен облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда көңілді тапқырлар клубтарының ойындары ұйымдастырылып, жас көрермендерге мерекелік тарту жасалады. Мұндай сипаттағы шаралар өңірдің аудан, қалаларында да жалғасын тауып, тұрғындарға шаттық сыйлап жатыр.

Ұйымдастырылып жатқан шаралар қоғамымызда еңбек адамын құрмет тұтуға үндеп, Наурыз мейрамының мәртебесін көтеру, жас буынға оның қадір-қасиетін ұғындыру бағытында болып отыр.