Шымкентте қаржы полициясының қызметкері ұсталды

ОҚО ІІД

 

ОҚО ІІД
ОҚО ІІД

Шымкентте қаржы полициясының қызметкері ұсталды. Оны ұрлық пен бұзақылық жасаған болуы мүмкін деген күдікпен Абай аудандық ішкі істер бөлімінің сақшылары құрықтаған.

Осы бөлімге 24 жастағы қала тұрғыны арызданып, ағасы екеуін таңғы 5-тер шамасында аялдамалардың бірінде ішімдік ішкен белгісіз екеуі ұрып-соғып, ВАЗ-2172 автокөлігінің мемлекеттік нөмірлі белгісін шешіп алған. Онымен қоймай, оқиға орнынан қашып кеткен.

Патрульды полиция қызметкерлері кафелердің бірінен екі күдіктіні қолға түсірді. Екеуі де сақшыларға қарсылық білдірген.

Анықталғанындай, 29 жастағы Шымкенттік тұрғын Жамбыл облыстық қаржы полициясының аға лейтенанты қызметін атқарады екен.

Бұл дерек бойынша қылмысты іс қозғалып, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша қамауда.