Шымкентте ауызсу бағасы бірнеше есеге көтерілуі мүмкін

Олар тарифті көтеру арқылы саладағы кемшіліктерді жоймақ
Олар тарифті көтеру арқылы саладағы кемшіліктерді жоймақ
Олар тарифті көтеру арқылы саладағы кемшіліктерді жоймақ

Ауыз су бағасы көтерілуі мүмкін. Аз емес бірден бірнеше есеге. Шымкентте қалаларды сапалы сумен қамту мәселесі көтерілген республикалық жиын өтті. Бас қосуда Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі өкілдерінің мәлімдемесі жаға ұстатты. Олар елде су тарифі үш кезеңмен көтерілуі мүмкін деп отыр. Яғни 95 теңгеден 175 теңгеге дейін шарықтату ұсынылып жатыр. Бірақ бұл жайт өңірлерден келген сумен қамту мекемелері басшыларын қуанта қойған жоқ.

Су бағасын көтеру керек. Су желілеріндегі жиылып қалған проблемаларды шешу үшін тіршілік нәрінің бағасын екі, үш, тіпті төрт есеге дейін көтеру керек деп санайды Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бастығының орынбасары Аманжол Алпысбаев. Осылай ғана саладағы жағдайды жақсартамыз деп сендірді ол.

Аманжол АЛПЫСБАЕВ, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бастығының орынбасары: «Біз есептедік. Су тарифін көтерсек қана, әбден ескірген құбырларды жаңалай аламыз».

Агенттік өкілі тарифті көтеру ұсынысын үш деңгеймен жүргізейік дейді. Алғашында 95 теңгеге көтеріп, одан соң бағаны 135 және 175 теңгеге дейін шығаруды ұсынып отыр. Бірақ бұл ой елдегі монополистердің жағасын ұстатты. Судың әр текше метрі үшін 18 теңге 8 тиын алып отырған «Семей Су арнасы» мекемесінің директоры артық ақшаны қалай ұқсатамын деп аң-таң болды.

Еркін САҒЫНДЫҚОВ, «Семей Су арнасы» мекемесінің директоры: «Маған қазір су текше метрін 300 теңгеге дейін көтеруді ұсынып отыр. Жарайды, қымбаттатамын. Миллиардтаған пайда да түсер. Ақшаның бір бөлігін жөндеу жұмыстарына жіберсем, қалған пұлды не істеймін?».

Бірақ Аманжол Алпысбаевты теңгені жарату проблемасы алаңдатпайды. Әр тиынның өз орны бар дейді ол. Сондықтан ұсынылып отырған жаңа тариф жайлы жақсылап ойлануды тапсырды.

Ал «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесінің директоры  болса, елдің бас антимонополисінен мұндай жаңалықты күтпеп еді. Анарбек Орман бүгінгі мәселені жеті өлшеп, бір кесіп қана шешу керек екенін айтты. Тарифты көтерген күннің өзінде оны минималды баңадан асырмау керек дейді ол.

Анарбек ОРМАН, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры: «Бұрын тарифті көтерейік дегенде «ЖОҚ»-тан басқаны естімеуші едік. Енді керісінше. Меніңше, бағаны 95 теңгеден асырмасақ, объективті болады деп ойлаймын».

Су арналарының төрағалары тарифті көтергілері келмесе де, бағаны 135 және 175 теңгеге дейін көтеруге міндеттелді. Ал жаңа тариф қашан күшіне енетіні жайлы ешкім тіс жарған жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tUAQpyaw4lM[/youtube]