Шымкентте монополистік субъектілерге 84,6 млн. теңге айыппұл салынған

фото Вера.кз

Шымкентте биыл монополистік субъектілер бойынша 96 әкімшілік құқық бұзышылық іс қозғалған.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті субьектілерге жалпы құны 84,6 млн теңгелік айыппұл салынған. Оның 75,9млн теңге, яғни, 90%-ы өндіріліп алынса, қалғаны сот орындаушыларына жолданған.

Сондай-ақ, департаментпен 18 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 9 тексеру бойынша бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, биыл департамент тарапынан 42 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 16-ы қанағаттандырылды.

Ал Е-өтініш электронды порталы арқылы 285 арыз тіркеліп, оның ішінде 153 арызға толық жауап берілген.