Шымкенттік аруларға шаттық сыйлаған күн

218
Шымкенттегі іскер әйелдерге арналып дастархан жайылды
Шымкенттегі іскер әйелдерге арналып дастархан жайылды
Шымкенттегі іскер әйелдерге арналып дастархан жайылды

Нәзік жандылар өнеркәсіпте, білім, денсаулық саласында, бизнесте жетістікке жетіп, қоғамға үлесін қосып жүр. Шаһардың дамуында да олардың белсенділігі айтарлықтай. Қала әкімдігі халықаралық әйелдер күніне орай әрбір істе бастамашыл болған қыз-келіншектердің басын қосты. Олардың арасында бүгінде зейнет демалысына шықса да, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүргендері де бар. Отбасында аяулы ана, еңбекте жемісті, табысты әйелдердің көздегені – тек болашақтың жарқын болуы.

Жанетта Жазықбаева,»Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қорының төрайымы:»Осы жұмысқа келген кезде отбасыммен ақылдасып келдім. Әрине қиын жұмыс. Бірақ балалардың болашағы үшін, аналардың денсаулығы үшін. осы дертке шалдыққан балалармен олардың ата-аналарының назараын аудару үшін осы қоғамдық қорға қызмет етуге келдім.Мерекелеріңізбен, қымбатты қыз-келіншектер».

Қазіргі таңда қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында, өнеркәсіп салаларында 41 мыңнан аса әйелдер еңбек етуде. Білім беру мекемелерінде басшылық қызмет атқарып жүргендері де аз емес.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=a0Maf9EgiPM[/youtube]