Түрмедегілердің тер төккісі жоқ

346
Түрмедегілердің тер төккісі жоқ
Түрмедегілердің тер төккісі жоқ
Түрмедегілердің тер төккісі жоқ

Тәртіп бұзуда – белсенді, ал тер төгіп, еңбек қылуға келгенде кежегесін кейін тартады. Жазасын өтеушілерді қоғамдық жұмыстарға тарту мүмкін болмай тұр.Бұзақыларды еңбекке тартуға тіпті құзырлы органдардың дап қауқары жетпей отыр. Салдарынан қазынаға тиесілі қаржы тиісті дәрежеде түспей тұр. Бұл тақырып облыстық сотта өткен дөңгелек үстел басында талқыланды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес жергілікті соттармен қоғамдық жұмыстарға тарту бойынша 2010 жылы 175 адам сотталған болса, 2011 жылы 53 адам осы жазаға кесілген. Ал былтырғы жылы бұл көрсеткіш 130 адамға жеткен. Алайда, сот үкімімен осы мақсатқа жұмылдырылғандардың саны азаймай отырса да қоғамдық жұмыстың өнетін түрі жоқ.

Сала мамандарының сөзіне сенсек, былтырғы жылы облыс бойынша қоғамдық жұмыстардың есебінен қазынаға түскен қаржының көлемі небір жарты миллонға әзер жеткен. Сот қызметкерлерінің сөзіне сенсек, көбіне қоғамдық жұмысқа тек мүгедек, кәмелет жасына толмағандар ғана тартылады. Сот өкілдері жаза тағайындауда сотталушының қабілеттілігін қаперге алына бермейтінін жасырған жоқ . Төрт мүшесі түгел, дені-қарны сау жазасын өтеушілер болса арық-атыз тазалап, көше сыпыруға арланады. Сондықтан себеп-сылтау іздеп шарқ ұрады дейді мамандар.

Сонымен, жазасын өтеушілерді еңбекке тартудың жолы қайсы? Заң қызметкерлерінің басын қатырып отырған сауал бүгінде басы ашық күйінде қалып отыр. Ұсыныс ретінде айтылған қоғамдық жұмысты қамаумен алмастыру тәжірибесі де тиімді емес. Шығыны шаш етектен келетіні өз алдына. Бұл жаза түрінен қылмыстың азайып, тәртіп бұзушылардың аяқ тартатын түрі де байқалмайды.