Жол полицейінің таяқшасын балалар қолына алды

354
Балалардың қолында "алатаяқ"...

Облыстың жол полицейлері 11-16-шы наурыз аралығында «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» автожорығын өткізді. Соңғы 2 айдың ішінде балаларға қатысты 47 жолкөлік оқиғасы тіркеліп, 6 балғынның өмірі қиылған, 18-і түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50 пайызға артқан.

Балалардың қолында "алатаяқ"...
Балалардың қолында «алатаяқ»…

Жолдағы тәртіпті қадағалауды енді балақайлар да қолға алды. Ересек әріптестері, яғни, полицей аға апаларының қолынан келмегенді жасамақ ниетте. Өз қатарластарын ғана емес үлкендерді де жол ережесін сақтауға үйретпекші. Жас жол сақшылары осылай ғана жаға ұстатар оқиғалардың алдын алуға болады дейді.
 Жол инспекторлары апаттардың басым бөлігі көлік иелерінің кесірінен болады деп отыр. Жеңіл автокөлікті мініп желмен жарысқандар өздерінің ғана емемс, өзгенің де өміріне қауіп төндіріп тұрғанын сезінбейді. Жыл басынан бері 248 жол көлік оқиғасы орын алып, 41 адам көз жұмған, 348 жарақаттанған.

Енді автожорық облыстың барлық аудан, ауылдарына жол тартады. Жолдағы жауапкершілікті елге түсіндірмекші олар. Ал балақайларға жол ережесін үйретер «Жодос көмекке асығады» дискісі таратылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jL8uS416G-8[/youtube]