Қос сазгер тыңдарманымен тілдесті

266
Сазгер тілдесті
Сазгер тілдесті
Сазгер тілдесті

90-шы жылдары «Не жаздым мен жаным саған…» деп әндеткен әнші сазгер Өктем Алтаев пен «Жоқ» деп ғашығына жылаған әнші-сазгер Асан Пердеш ғашықтар күнінде Шымкентте концерт берді бірігіп. «Ақ сәулем», «Жаным», «Қарындасыма» деген Өктем ағаның әндерін көрермен сағынып қапты.

«О, қу арақ» деген де біртүрлі ән жазып еді ғой ағамыз Октябрь атанып жүрген кезінде. «Отырар» ТА-ның тікелей эфирінде «Жаңа күн»  бағдарламасында сұқбат берді елге.

«Өзіңізді сахнадан көрмей жүрміз. Сіз қазір қайдасыз?»-деп сауал жаудырған көрерменнің қатары көп болды.

Ал Асан Пердеш қаншалықты сынға ұшырап жүрсе де, соншалықты жастардың арасында танымал екен, әсіресе қыздардың арасында. «Сын айтылған сайын шығармашылық жағынан өсуге деген ұмтылысым да күшейіп барады»-дейді Асанның өзі.