Алаяққа алданып қалмаңыз …

1320
әйелдер еркектерді де құрығына тез түсіреді

Соңғы кездері елімізде алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады.Тәптіп сақшылары алаяқтықты жасаушылардың көбіне әйелдер екенін айтады. Әккілердің құрығына алдымен түсетіндердің қатарын да нәзік жандылар құрайды. Олардың көбісі әлеуметтік жағдайларды түзеп беруге атап айтқанда, жұмысқа орналастырудан бастап, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға жұмыстарнына көмектесуге уәде етеді.

әйелдер еркектерді де құрығына тез түсіреді
әйелдер еркектерді де құрығына тез түсіреді

«Жеңілдетілген несие алып беремін» деп сазға отырығызып кететін қамқор алаяқтардың айлакерлігі өз алдына бір мақалаға жүқ боларлық. Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы қайсы? Ол үшін алдымен алаяқтық дегеннің не екенін түсініп алудан артықтығы жоқ. Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылады. Қазақстанда алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Қылмыстық кодекстің 177-бабына сәйкес осы қылмыс үшін олар жауапқа тартылады. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза – бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру.

Алаяқтықтың негізгі принципі – өзі құрбан етіп отырған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Бұл “еріктілік” алаяқтықты басқадай ашкөздік қылмыстардың ішінде ерекше етеді. Біріншіден, алданған адамдар өзінің алданғанын білсе де құқық қорғау органдарына өтініш бермейді. Біріншіден, оңай алданып қалғанына арланады, екіншіден, арыз түсіргеніммен ештеңе өнбейді деп есептейді. Үшіншіден, мұндай қылмысты дәлелдеу өте қиын, себебі алдау фактілерін объективті түрде дәлелдеуді қажет етеді. Алаяқтық адам психологиясын және оның әдеттегі әрекетін жақсы білуге негізделген. Бұл арада адамгершілік ұғымы туралы әңгіме болмайды. Олар өз әрекетін алдын ала тізбектелген жоспар арқылы іске асырады. Оның тәсілдері мүлде қарапайым болуы да мүмкін. Кейде олар, топ болып әрекет етіп, өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп, алдайды. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшелігін ескеріп, соны пайдаланып кетеді.

Алаяқтар сонымен қатар, адамдардың жеңіл пайда табу, бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу сияқты әдеттерін ескеріп, өз ісіне оңтайлап алады. Олар басқа да қылмыскерлер мен басбұзарлардан өзгеше болады. Олар негізінен әртістік дарыны бар, өтірікті шындай етіп жеткізетін айлакерлігі басым адамдар болып келеді. Әдетте олар таза әрі әдемі киінеді, асықпай сөйлеп, әзіл-қалжың айтады, адамның көзіне тура қарап, барынша сенім тудыруға барын салады. Алдау-арбау жолында жүрген жұбайлық жұптар да кездеседі. Олар тез әрекет етіп, басқадай ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.

“Тез шешім қабылда, әйтпесе үлгермейсің” деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады. Жапа шеккен адамдар әдетте: “Не болғанын түсінбей қалдым”, “Гипноз жасады ғой деймін”, “Ол сондай сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым”,-дегенді жиі айтады. Алайда, адамдар алданбаймын деп тұрса да ондай жылпостардың айтқанын қалай істеп, жетегінде кеткенін білмей сезбей де қалады.

Сот практикасы көрсеткендей, алаяқтар әртүрлі сылтау мен зәбір көрушілердің мүлкін толық немесе жартылай алып, өз уәдесін қысқа мерзімде орындауға сөз береді. Алаяқтық – ұрлық жасаудың бір түрі дейді құқық қорғаушылары. Алдау-арбау, сенімге кіру арқылы кейбір қылмыскерлер бөтен адамның мүлкін, ақшасын алып пайдаланып кетеді. Осындай “бойы бұлғаң, сөзі-жылмаң” адамдардан сақ болыңыздар.