Азия біріншілігі Шымкентте өтуде

Тізімде 14 елдің 100-ден аса боксшысы бар. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, КХДР, Моңғолия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстанның боксшылары жүлделі орындардан дәмелі

Шымкентте бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының байрағы түрілді. Жеңілатлетикалық манеж кешеніне 1997-1998 жылы туылған сары құрлықтың сақа боксшылары жиналды.

Деңгейі жоғары бәсекенің Шымкентте өтіп жатқаны қуантарлық әрине. Сайыстар ордасына айналған манеж кешені құрлықтық чемпионаттарды өткізуге де әлеуеті жетеді. Сары құрлық елдері биылғы біріншілікке кіл мықтыларын қосыпты. Тізімде 14 елдің 100-ден аса боксшысы бар. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, КХДР, Моңғолия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстанның боксшылары жүлделі орындардан дәмелі. Жас боксшылар біріншілікте барын салып жұдырықтасуы тиіс. Өйткені, тамыз айында Украинада әлем чемпионаты өтеді. Осы сында бағы жанғандар Еуропаға аттанатын болады. Қазақстан құрамасы командалық есепте бас жүлдеге таласуға ниетті. Өз үйімізде өтіп жатқандықтан, балғын боксшыларымыз намысты қолдан бере қоймас деген үіт бар. 15 сәуірде басталған біріншіліктің финалдық бәсекесі 20-на жоспарланған.

Тағабай ҚАСЫМ