Екі жылдан бері күткен сыйлық

303
Фаида Генадьевна қолаңса исі мұрынды жаратын жертөресін бізге де көрсетті
Қуандық  Сауранбай "Рамазан" көшесінің төрағасы " Ұйымдастырушылар мені бала ұқсатып ойыншық беріп алдамақ болды " дейді
Қуандық Сауранбай «Рамазан» көшесінің төрағасы » Ұйымдастырушылар мені бала ұқсатып ойыншық беріп алдамақ болды » дейді

Осыдан екі жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің қарсаңында Нұр Отан » ХДП Шымкент қалалық филиалы мен Азаматтық Альянс қауымдастығы бірігіп «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» деген атаумен шара ұйымдастырған болатын.Шараны шулатып өткізді. Жеңімпаздарды да анықтады. Бірақ, жүлдегерлерге тиесілі сыйлықты табыстауға асықпады. Асықпады деуіміз сөз ғана, созбалаңға салды.

Жуырда редакциямызға Шымкент қаласындағы «Рамазан» көшесінің төрағасы Қуандық Сауранбай деген азамат келді. Айтуынша,»Үлгілі көше» номинациясы бойынша ол бірінші орынды иемденіп, 150 мың теңгенің қаржысын сыйлық ретінде қанжығаға байлауы тиіс болатын. Алайда, алпысты алқымдап қалған Қуандық аға өзіне тиесілі сыйлығына қол жеткізе алмай жүргенін айтты. Талай есікті қағып табаннан тозбаса да бір-екі рет ұйымдастырушыларға хабарласқаны бар. Қаралған қаржының кімнің қалтасында кеткенін қайдам, онына теледидар ұсыныпты. Алайда, ойыншық беріп алдағанға бала ғана жақсы. Қуандық аға көнбепті.

Фаида Генадьевна қолаңса исі мұрынды жаратын жертөресін бізге де көрсетті
Фаида Генадьевна қолаңса исі мұрынды жаратын жертөресін бізге де көрсетті

Ұйымдастырушылар сондай-ақ, «Үлгілі аула» номинациясы бойынша екінші орын алған Шымкент қаласындағы Мангелдин көшесінің №36/а үйінің төрайымы Фаида Муринаны да сайқы-мазаққа айналдырыпты.Арада екі жыл өткен соң тиесілі сыйлығы – 100 мың теңгені жарым-жартылай (50мың теңге) жеткізеді. Осылайша, жүлденің жартысы – жеңімпаздікі, жартысы ұйымдастырушыларда қалды. (50-50. Сыйлықты бөлісу деген осы болар, сірә.)

Ал қалған қаржыға ұйымдастырушылар үйдің жертөлесін жөндеуден өткізіп, ауланы жарықтандырып беруге уәде етіп еткен. Содан бері тым-тырыс. Жарық та жоқ, ал жертөле «бұрыңғы жартас сол жартас сол жартастың» күйін кешіп тұр. Үй төрайымы тым болмаса, «уәделерінде тұрып, жертөлемізді жөндеп берсе болар еді» деп жүр.

Өмірзақ Мелдеханов «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы "Жыламаған балаға тамақ жоқ" дейді
Өмірзақ Мелдеханов «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы «Жыламаған балаға тамақ жоқ» дейді

Біз осы мәселені қозғай салысымен, жуырда «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдехановтың бастамасымен жүлдегерлердің сыйлығы талқыланған жиналыс өтіпті. Жауапты мамандар ойласа келіп, жүлдегерлердің көптен күткен сыйлықтарын табыстауға уағдаласыпты.

Содан араға екі күн салып, редакциямызға Қуандық мырза хабарласты. «Сіздерге де, Өмірзақ Мелдехановқа да алғысым шексіз, сыйлығымызды алдық » дейді.

Р.S. Мәселе сыйлықта да емес. Бар «гәп» шараның діттеген мақсатына жетпей қалуында болып тұр. Негізі «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» шарасы қала тазалығына үлес қосып жүрген азаматтарды, ынталандыру, жігерлендіру болатын. Алайда, әлдекімдердің атағы үшін ғана ұйымдастырылған бұл шара керісінше белсенділердің аптығын басып тастағады…

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2Vp7-jHMUPI[/youtube]