Ел боксшылары Азия құрлығының үздігі атанды

447

Шымкентте алғаш рет бокстан Азия чемпионаты жалауын көтерген болатын.  Жеңілатлетика манежінде орнатылған ринг төрінде 111 былғары қолғап шебері Азия құрлығының чемпионы атану үшін шаршы алаңға шықты.

жеті бірдей отандасымыз қарсыластарынан басым түсті
жеті бірдей отандасымыз қарсыластарынан басым түсті

Біріншіліктің алғашқы күні 46мен 66 келі аралығындағы жастар қолғап түйістірді. Бірніші жекпе жектерінде Бекболат Нұрсұлтан, Аблайхан Жүсіпов және Азат Ілеубаев сәтті өткізіп, қарсыластарынан басым түсті. Кейінгі төрт күн бойында да отандық боксшылардың жолы болды. Тек ақтық сынға 13 былғары қолғап шеберінің 10 ақтық сынға жолдама жеңіп алды.

Азия біріншілігінің ақтық сынағы 26 боксшының жекпе жегімен есте қалды.  Бұл жолы отандастарымызға Өзбекстандықтар басты қарсыластық көрсетті. Сондай-ақ, үндістандықтар да  мықтылық танытты.

Отандасымыз Сабыржан Әбілов жарыстың үздігі атанды
Отандасымыз Сабыржан Әбілов жарыстың үздігі атанды

Шабиб Мохаммед Камель, Азия чемпионатының бас төрешісі: «Қай боксшы мықты болар екен деп байқап жүрдім. Қазақстандықтар мықтылық танытты, дегенмен Өзбекстан, Түркмендермен қырғыз қытайлықтарың да осал емес екендерін байқатты. Бәсекені дайындау барысында да сын жоқ».

Стоян Мазур Шым қалаға алматыдан ат терлеткен. Ол ақтық сынға дейін Үндістан, Моңғолия және Жапон елінің боксшыларымен қолғап түйістірді. 16 жастағы отандасымыз жауапты матчта Өзбекстандық спортшымен кездесті. Нәтижесінде 3-0 есебімен Мазур ел қоржынына алғашқы алтын медальды салды.

 Стоян Мазур, Азия чемпионы: «Қарсыласым да мықты болды. Қимыл әдістері де ерекше, жылдам боксшы деуге болады. Дегенмен дайындықтың арқасында жеңдім».

Ақтық кездесулердің алтыншы жекпе-жегіне дейін қазақстандық жанкүйерлер телпегін аспанға лақтырды. Ел қоржыны бірінен соң бірі медальдарға толып жатты. Алайда ринг төріне жетінші болып шыққан Азат Елубаевтың сәті болмай, үндістандық қарсыласына есесін жіберіп алды. Азаттан кейін тағы бес жекпе жекте жерлестеріміздің жолы болмады. тек Дмитрий Зисконың ептілігі ел қоржынына кезекті алтын медальды алып келді. Дима алғашқы раундтың бірінші минутында үндістаннан келген қонақты нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атана білді.

Азия құрлығын таң қалдырған ҚР бокстан ұлттық құрама командасы
Азия құрлығын таң қалдырған ҚР бокстан ұлттық құрама командасы

Басты жүлделермен қатар, бәсеке барысында үздік танылған боксшылар да анықталды. Епті боксшы номинациясын шымкенттік боксшы Сабыржан Абилов еншіледі. Осымен Азия чемпионаты аяқталып, ел мақтаныштары келесі додаға дайындығын бастады. Енді олар Әлем чемпионатында қолғап түйістіреді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VBUmRU5k6Gc[/youtube]