«Күншығыстың» тұрғындары заңсыз құрылысқа қарсы

Тұрғындар нысан салынар болса, күнді де көлегейлеп қалады деп ренжуде
Тұрғындар нысан салынар болса, күнді де көлегейлеп қалады деп ренжуде
Тұрғындар нысан салынар болса, күнді де көлегейлеп қалады деп ренжуде

«Күншығыс» шағынауданының тұрғындары бас көтеріп жатыр. Олар шағынаудандағы №88-үйдің ауласына құрылыс нысанының салынып жатқанына наразы. Жеке компания аулада жаңа ғимарат тұрғызуға кірісіп кетсе керек.

Нысан салынатын мекеннің қазан-шұңқырын дайындап қойыпты. Кәсіпкер 2 күннің ішінде жарты жұмысын тындырып үлгерген. Медициналық орталық салынады дегенді естігенде жергілікті тұрғындар тыныштық бермепті. Соның салдарынан құрылыс та қазір тоқтап тұр.

Атхам АТАЖАНОВ, тұрғын: «Бұл қызыл сызыққа түскен нысан. Әрі ертең құрылыс жұмыстары жүрер болса, ауладағы балаларға қауіпті ғой. Бастарына құрылыс заттары түсіп кетсе қайтеміз?! Жалпы, бұл нысанның салынуына қарсымын. Бізге айтылған уәде бойынша мұнда балалар алаңшасы салынуы керек болатын».

Құрылыстың заңсыз екенін жауапты мекемелердің барлығы да растауда. Бұл дегені – кәріз жолы мен газ құбыры жарылар болса, «Күншығыстықтар» апаттың ортасында қалайын деп тұр.

Ал тұрғындардың балалар алаңшасын салу арманы тек сағым болып қалатын секілді. Өйткені, мұнда балалар үшін жер қарастырылмаған дейді әкімдік өкілдері.