Оңтүстікте 4 жыл қызын зорлап келген өгей әке сотталды

387
56 қылмыстық іс қаралған

 

56 қылмыстық іс қаралған
Педофилия бойынша 56 қылмыстық іс қаралған

ОҚО-да 4 жыл бойы өгей қызын зорлап келген әкенің әрекеті әшкере болды. Хайуандық әрекетке барған Шымкенттік 17 жылдан астам уақытқа сотталды.

Бұл туралы бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта өткен брифингте айтылды. Сорақысы сол оңтүстікте бала көрсе жабысатын нәпсіқұмарлар көбейіп барады. Жыл басынан бері 8 педофил ұсталған.

Облысымызда 2010 жылдан бері жасөспірімдерді зорлау немесе нәсіпқұмарлық сипатта қылмыстық әрекет жасалған. Бұл тек сотта қаралғандары ғана.

2012 жылы сұмдық осындай бір қылмыс ашылған болатын. Төрт жыл бойы 15 жастағы қызын зорлап келген өгей әкенің сұмдық әрекеті әшкерленді. Ал өгей қызын зорлаған әке  17 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Тағы бір оқиға 2011 жылы Қазығұрт ауданы, Шалғай ауылында орын алды.  Ауыл тұрғыны өзінің бір емес, екі қызын бірдей зорлап келген.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда осы сипаттағы қылмыстардың саны өршіп тұр. Мәселен жыл басынан бері қылмыстық сотта 8 қылмыстық іс қаралған. Тағы қаншамасы тергеуде жатыр.

Судьялар жасөспірімдерге жасалған зорлық- зомбылық қылмыстары жиіленіп кеткені бойынша дабыл қағады. Қаншама қатаң жаза тағайындалып жатса да, педофилдердің қатары азаяар емес.