Оңтүстікте білім саласын жемқорлық жайлап барады

464

Оңтүстік Қазақстандағы білім саласын жемқорлық жайлап барады. Бүгін Облыстық қаржы прлициясы осындай ақпарат таратты. Былтыр осы саладағы 16 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс қозғалған. Оның 18-і сотқа жолданыпты, сегіз ұстаз өз кінәларын мойындап, мойындары салбырап отыр. «Ұлағатты» ұстаздар заңды белінен басып өтіп, жыл ішінде мемлекетке 5 миллион теңге залал келтірген. Пара алуда мектеп директорлары алдына жан салмайтын болып шықты.

Сарыағаш ауданы, Байтерек елді-мекеніндегі №78 мектептің директоры Қасымбекова қамауға алынды. Ол қарамағындағы мұғалімдерден ақша жинаған. Аз емес әр ұстаздан 17 мың 800 теңгеден жинап отырыпты.

Директор мектепке білім бөлімінен комиссия келе жатыр деп ұстаздардың құтын қашырса керек. Сөйтіп комиссия мүшелеріне деп ақша жинапты. Әбден зәрезап болған ұсаздар оны қаржы полициясына ұстатып жіберген. Мектеп директорының үстінен «алаяқтық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, шартты түрде жазаға тартты. Судья директордың 3 баласы барын ескеріп, осындай үкім шығарған. Айта өтейік, былтыр білім саласының 26 қызметкері жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаса, биылғы жылдың төрт айында осындай 13 факті тіркелген.

Анель Матеева, ОҚО қаржы полициясының баспасөз хатшысы: «Оның ішінде жеті мектеп директоры, төрт балабақша меңгерушісі, біреуі біліктілікті арттыру институтының қызметкері, екеуі оқу-өндірістік кабинатының директорларының үстінен қылмыстық іс қозғалды».

Ойбайлап жатқан Бйәдібек ауданы, Жамбыл ауылы «Айсұлу» балабақшасының меңгерушісі. Алғашқыда сөмкесінен шыққан қаржының қайдан келгенін білмеймін деді. Сосын пара емес, ақша алдым деп аяқталмаққа әрекеттенді.

Меңгеруші еден жуушымен аула сыпырушылан пара алған. Біреуінен 25 мың теңгені басқа жұмысқа ауыстырып беремін деп алса, екіншісінен өз орныңда қалдырамын деп 40 мың теңге алған. ол да сотты болып тынған. Қаржы полициясы соңғы кездері білім саласы қызметкерлерінің қолы тым сұғанақ боп барады дейді.

Анель Матеева, ОҚО қаржы полициясының баспасөз хатшысы: «Қылмыс жасаған білім саласының қызметкерлері көбінесе пара алу дерегімен ұсталып отырады. Сондай-ақ, бюджеттік қаражатты ысырап ету, немесе заңсыз иемдену бойынша қылмыстық істер қозғалған. Ең соңғы қылмыс Сарыағаш қаласындағы мектеп директорына қатысты».

Осылайша қолын арам ақшамен былғандар онсызда сан рет сыналып жатқан салаға тағы дақ түсірді.