Оңтүстікте бір күнде 3 бірдей пара алу фактісі тіркелді

610
Параға берілген ақшаны тәркілеу сәті

Енді пара алушылардың қатарына ақ халатты дәрігер мен ұстаздар да қосылды. Бұл жайында қаржы полицейлері хабарлайды. Тәртіп сақшылары 3 бірдей пара алу фактісін әшкерелеген. Соның  бірінде Ордабасы аудандық ауруханасының бас дәрігері 300 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған. Оқиға 2-сәуір күні орын алыпты. Аудандық аурухананың бас дәрігері бір азаматшаны аурухананың техникалық қызметкері етіп жұмысқа аламын деп уәде беріп, сол үшін сыйақы талап етсе керек. Алайда, ол ойы жүзеге асқан жоқ. 3-сәуір күні бас дәрігердің үстінен «Пара алу» фактісіне қатысты қылмыс іс қозғалып, өзі қамауға алынған.

Параға берілген ақшаны тәркілеу сәті
Параға берілген ақшаны тәркілеу сәті

Ал 2-сәуір күні Арыс ауданындағы мектеп директоры құрыққа ілінді. Арыс қаласындағы № 372 мектептің директоры да техникалық қызметкер ретінде жұмысқа орналастырамын деп, бір азаматшадан 150 мың теңге пара алған соң қолға түсті. Қазір үстінен қылмысты іс қозғалып, қамауға алынған.

Ақшаларды "Пара" деген белгі қойылған
Ақшаларды «Пара» деген белгі қойылған

 

Дәл осы күні Кентау қаласының шенеунігі де пара аламын деп жүріп, қақпанға ілікті. Қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы жер телімдерін бөлу комиссиясының мүшелері шығаратын шешімді өзгертуге ешқандай құқығы жоқ екенін біле тұра жергілікті азаматқа комиссия шешімінің хаттамасын беруді ұсынып, 15 000 теңгені алаяқтық жолмен алмақ болған. Сөйтіп жүргенде қаржы полицейлерінің қолына түсті. Қазір осы үш фактіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tewETmnogAE[/youtube]