Шымкент тұрғыны өз әйелін пышақтап тастады

524
Марқұм өз төсегінде көз жұмған

Шымкент тұрғыны өз әйелін пышақтап өлтірді! Оқиға демалыс күндері болған. Спирттік ішімдікке сылқия тойып алған 29 жастағы азамат үйіне келіп, әйелін сабай кеткен. Сөйтіп асхана пышағын бірнеше рет сұғып, өлтіріп алыпты.

Марқұм өз төсегінде көз жұмған
Марқұм өз төсегінде көз жұмған

Күдікті азамат жұбайына қол көтеруге тынымсыз телефон қоңыраулары себеп болды деп отыр. Некесіз болса да бірге тұрып жатқан өзінің зайыбына басқалардың қоңырау шалғаны ұнамай қалса керек. «Телефонды таста» деп бірнеше рет ескерткенін де айтады. Тыңдамаған соң ұрып та жіберіпті.

Күдікті азамат
Күдікті азамат

 

«Кешке үйге келіп, бір жақсылап отырайық деп ойлағанмын. Дастархан да жасап қойдық. Тағамдарды әкеліп жүрген жұбайыма адамдар қоңырау шала берді. Кім деп сұрасам, хозяйка деп қояды. Ұялы телефонның дауыс шығарғышын қос деп едім қосты. Сөйтсем, тұтқаның арғы жағында еркектің дауысы естіледі. «Қашан жолығамыз?» деп қояды. Біраздан кейін жұбайымның құрбысы да хабарласып, «қашан келесің, мұнда жігіттер күтіп қалды ғой» демесі бар ма? Қаным қарайып кетті де қол жұмсадым» дейді қолға түскен жігіт.

Айтуынша ол алдымен әйелімен стақандас боп, арақ ішкен. Соңында қоңырау соғып жатқандардан қатты қызғанып кетсе керек, пышақ ала жүгіріпті.

 

Қанға бөккен пышақ
Қанға бөккен пышақ

 

Бұл оқиға түн ішінде болған. Әйелінің ажал құшқанын көрген соң отағасы үйден қашып кетіпті. Бірақ көршілердің полицияға хабарлауының арқасында көп ұзамай қолға түсті. Осылайша қызғаныштың қызыл иті бір отбасын қара жамылтты. Қандықол күйеу енді 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zcy1IhF6K6o[/youtube]