Шымкентте контрафактілі дискілердің ең ірі қоймасы табылды

395
Заңсыз саудамен айналысқандарды құрықтауға арнайы жасақтың сарбаздары да жұмылдырылды

Шымкентте контрафактілі дискілер таратылып келген ірі көтерме сауда орны әшкереленді. Төлеби көшесіндегі қоймадан заңсыз аудио-бейне жазбалар бүкіл Оңтүстік өлкесіне тарап келіпті. Ал бізге көрші елдерден жеткізілген. Тіпті олар порнографиялық дисктерді де таратып отырған. Заңсыз саудамен айналысып келгендері құрықтау операциясы таңғы сағат 7-де басталды.

Тәркіленген заңсыз дискілердің саны 20 мың данаға жуық
Тәркіленген заңсыз дискілердің саны 20 мың данаға жуық

Бүтіндей бір қойманың қызметкерлері мұндай тексеруді күтпесе керек. Қарсылық көрсетіп үлгермей жатып, қолға түсіру әрекеті ың-шыңсыз аяқталды. Сезіктілердің бірін клиенттері Шыңғыс деп таниды. Өзін осы жердің иесімін деп таныстырды. Ал дискілер шекара асып, көліктермен арнайы жеткізілетін көрінеді.

Өзін Шыңғыс деп таныстырған мына азамат осы қойманың иесі
Өзін Шыңғыс деп таныстырған мына азамат осы қойманың иесі

 

» – Қайдан келеді мына дискілер?
– Бішкектен.
– Кім жібереді ол жақтан?
– Қырғыз жігіттер.
– Аттары кім?
– Біреуінің аты – Денис, қалғандарын білмеймін.
– Тауар жиі әкелінеді ме?
– Аптасына бір рет алдырамыз.
– Әр рейсте қанша диск әкелінеді?
– Үш мыңдай дана.
– Сендер қанша теңгеден сатасыңдар?
– Бір дискіні 80 теңгеден».

Қойманың іші құдды бір кинотеатр секілді
Қойманың іші құдды бір кинотеатр секілді

Әрі дүкен әрі қойма есебіндегі бұл үлкен бөлмені мұндағылар жақсылап жасақтаған. Диск сақтауға арнайы әзірленгені көрініп-ақ тұр. Үлкен сөрелерде аудио-бейне жазбалар тізіліп тұр. Оған сыймай, жерде қаз-қатар жатқаны қаншама. Ал қойманың иесі бұл тірліктің заңсыз екенін білмедім деп бет бақтырмайды.

 » – Сіз өзіңіздің бұл әрекетіңіздің заңсыз екенін білесіз бе?

(Үнсіздік)
– Сіз заңсыз әрекетпен айналысып жүргеніңізді білесіз бе?
– Қақпаймын ондайды.
– «Қақпаймын» деген не?
– Түсінбеймін..!»

Мұндағылар сырттан келгендерді осы жерден "қарсы алады"
Мұндағылар сырттан келгендерді осы жерден «қарсы алады»

 

Сырт көзден таса жерде орналасқан бұл орынға кез келген адам кіре алмайды. Кіре берістегі темір есік мықтап жабылған. Тек аптасына бірнеше күн таңертең 1 сағаттың ішінде сауда қызады дейді мамандар. Сатушылар алдымен дискі алуға келген адамның кім екенін көріп ап, содан кейін ғана темір қақпаны ашады. Ол үшін есіктің ішін картонмен қымтап-бекітіп, саңылау тесік қалдырыпты. Соған қарағанда сырттан келетін «қауіптің» алдын алуға дайындалса керек.

 

 

Таң атпай келген алыпсатар тексеруге тап боламын деп күтпесе керек
Таң атпай келген алыпсатар тексеруге тап боламын деп күтпесе керек

Осы сәтте алғашқы алыпсатар да келді. Ол дәл осы қоймадан бұрыннан тауар алып жүрген болса керек, қойма иесін жазбай таныйды. Дегенмен, өзінің заңсыз дискі сатып алатынын хабарым жоқ деп отыр. «Саудамды бастағаныма 5-6 күн ғана болды. Тек 50-60 дискі ғана аламын. Оның ішінде ресейлік кинолар мен мультфильмдер ғана алуға келдім» дейді клиент.

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы Салтанат Нұрымбетова.
Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы Салтанат Нұрымбетова.

 

«Облыстық әділет департаментіне авторлық және сабақтас құқықты қорғау қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінен, «Меломан» компаниясынан арыз келіп түсті. Онда Шымкент қаласындағы Төлеби көшесінде орналасқан «Тұрмыстық қызмет үйінде» контрафакті дискілерді көтерме бағамен сату нүктесі және қоймасы бар екені көрсетілген. Осы арыз бойынша тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде өздеріңіз көріп отырғандай, контрафактілі аудио-бейне туындылардың өте көп мөлшерін тауып алдық.»

Әділет департаментінің қызметкерлері дискілерді мұқият санап жатыр
Әділет департаментінің қызметкерлері дискілерді мұқият санап жатыр

Санау барысында бұл қоймада 20 мыңға тарта контрафактілі дискілер бар болып шықты. Оның әрқайсысы 200 теңгеден сатылатынын ескерсек, жалпы кұны 4 миллион теңгеге жуықтайды. Айта өтейік, дәл осы сатушылар Шымкенттің қара базарын порнографиялық өнімдермен қамтып келіпті. Бұл күні қойма жабылып, иесінің үстінен іс қозғалды.

Заңсыз саудамен айналысқандарды құрықтауға арнайы жасақтың сарбаздары да жұмылдырылды
Заңсыз саудамен айналысқандарды құрықтауға арнайы жасақтың сарбаздары да жұмылдырылды

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-AXih80ltNk[/youtube]