Қырықбаев қызмет бабын Астанаға ауыстырды

1312

 

ОҚО дене тәрбиесі, туризм және спорт басқармасының бұрынғы бастығы Полат Қырықбаев
ОҚО дене тәрбиесі, туризм және спорт басқармасының бұрынғы бастығы Полат Қырықбаев

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында да кадрлық ауыс-түйіс басталғандай. Ресми мәлімет бойынша, облыс спортын 4 жылға жуық басқарған Полат Қырықбаев қызмет бабын Астанаға ауыстырды.

Нақтырақ айтсақ, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бұйрығымен Полат Наурызбайұлы Штаттық ұлттық командалар және спорттық қор дирекциясының директорлығына тағайындалған. Ал дирекцияның бұрынғы басшысы Қайыргелді Жанпейісов өз өтінішімен қызметінен босатылған екен. 

Облыс спортының басшылығына енді кім келері әлі белгісіз. Айта кетейік, Болат Наурызбайұлы Қырықбаев 1961 жылы 26 наурызда туған. Күрестің үш түрінен КСРО-ның спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты.