Бадам өзені жағалауында демалыс аймағы пайда болды

1413
Қазіргі уақытта Бадам өзенінің жағалауы абаттандырылып жатыр

 

Ұзындығы үш шақырым өзен бойы жаңаланбақ
Ұзындығы үш шақырым өзен бойы жаңаланбақ

Шымкентте тағы бір көрікті демалыс аймағы пайда болады. Дәл қазір Бадам өзенінің жағалауын абаттандырып, көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұзындығы үш шақырым өзен бойын жаңалап, құрылыс жұмыстарын жүргізуге кіріскен мердігер мекеме биылғы қазан айында міндеттемені толық орындайтынына сенімді.

 

Биыл Бадам өзенінің суы жылдағыдан мол және буырқанған асау. Соған қарамастан шынжыр табанды алып, техникалар өзенді қақ жарып, арнасын ауыстырды. Әзірге құрылыс өзеннің бір жағалауында жасалып жатыр. Жоба бойынша Бадамның екі жағалауында да қалалықтар серуендеп тынығатын орын болады. Гүл, ағаш егіледі.

Мекеме қазан айында міндеттемені толық орындайтынына сенімді
Мекеме қазан айында міндеттемені толық орындайтынына сенімді

Бағдарлама бойынша осындай жұмыстар өзеннің 8 шақырым аумағында жасалады. Алғашқы кезең үш шақырым. Оның құны 1 млрд 950 млн теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Строй сервис 7» ЖШС дендрари саябағын көріктендіріп сенімнен шыққан мекеме екен.

Естеріңізде болса, Бадам өзенінің үстінен айналмалы көпір салу жоспары да болған. Алайда бірі де іске аспады. Есесіне енді Шымкентіктер тынығатын орын тағы біреуге толықты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5EUeEO_KQlk[/youtube]