Депутаттар құрылысы сапасыз тендерлердің өтуіне наразы

236
Депутаттар құрылысы сапасыз тендерлердің өтуіне наразы
Депутаттар құрылысы сапасыз тендерлердің өтуіне наразы
Депутаттар құрылысы сапасыз тендерлердің өтуіне наразы

Кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына үнемделген және республикалық бюджеттен түскен трансферттердің салаларға бөлінуі жөніндегі жобаны облыстық бюджеттік жоспарлау және экономика басқармасының бастығы баяндады. Қошқарата өзені бойындағы аумақтарды көріктендіруге 200 млнға жуық қаржы қарастырылуда. Қаржысы шешілетін бұл жалғыз нысан емес.

Ербол Садыр, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы: «Сондай -ақ апатты жағдайдағы №1 мектептің құрылысына 160 млн, №58 мектептің жөндеу жұмыстарына 200 млн қаржы жұмсалмақ».

Әлеуметтік нысандардың жаңаланып, көріктенуіне соңғы кезде аз қаржы бөлініп жатқан жоқ. Алайда сол қаржының жұмсалуы мен құрылыстың сапасы көңіл көншітпейді дейді депутаттар. Халық қалаулылары бюджет қаржысының талан таражға түсіп жатқанына алаңдайтынын білдірді.

Тендерлердің өту тәртібіндегі әділетсіздік, құрылыстың сапасыздығы, кәсіби мамандардың тапшылығы, жұмыстағы жүйесіздік, бақылаудың жоқтығы. Бұл келеңсіздіктерге тосқауыл қоятын кез жетті дейді олар.

Абай Көмекбаев, облыстық мәслихаттың депутаты: «Айтуын атамыз. Бізге құлақ асатын ешкім жоқ. Хаос. Тендерлерге депутаттар не БАҚ өкілдері шақырылмайды. Жабық өтеді. Департаменттегілер үнемі ауысады. Зоотехник пен ветеринарлар құрылыс басқармасында отырғасын не дейсің».

Бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 15 мамырда өтетін облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=T-DgUkefNXE[/youtube]