Мектеп бітірушілер жаңаша ҰБТ тапсырып жатыр

440
төмен көрсеткіш көрсеткен мектеп басшылары неге ауыспайды?!
ҰБТ тапсыру тәртібі өзгертіледі
ҰБТ тапсыру тәртібі өзгертіледі

2015 жылдан бастап түлектер біріңғай ұлттық тесті мектеп бітіргенде және ЖОО-на түсерде, яғни екі кезеңмен тапсыратын болады. Әзірге мектеп бітірушілер сынақ тестерін тапсырып, біліктіліктерін байқап жатыр. Бұл әдіс Шымкентте №15 және №86 жалпы орта мектебінде сынама ретінде өткізілетін болады. Бес пәннен тұратын емтихандардың ҰБТ-тен айырмашылығы сол, оқушылар онлайн режимде тапсырады. Емтихан нәтижесі де тестілеуден соң бірден белгілі болмақ.

№15 лицейде білім министрлігінің жаңалықтарын талқылап жатыр. Бұл мектептің түлектері Шымкенттегі жалғыз жаңаша ҰБТ тапсырғандар. 11 сынып оқушылары 3,5 сағат бойы онлайн режимде 125 сұраққа жауап берді. Жаңалық Әлия Досайбектік көңілінен шықты, ол 115 балл жинақтады. Бастысы жүйелей білу керек.

Әлия Досайбек, 11-сынып оқушысы: «Мен алдымен жеңілд пәндерден бастадым, сосын қиындау, күрделі сұрақтарға көштім. Сөйтіп, уақыт та үнемдедім. Дұрыс жауаптарды қаламмен бояп отырасың, онлайн режим ұнады».

2015 жылдан бастап, ҰБТ мұндай әдіспен барлық мектеп оқушылары тапсыратын болады. 15 ші мектеп мұғалімдері уайымға негіз жоқ дейді. Артықшылықтары аз, бірақ белгілеп қойған сұрақты емтихан уақыты аяқталғанша қайта өзгерту оқушының құзырында. Бірақ компьютерлік тестілеудің теріс жақтары да жоқ емес.

«Әсіресе, математикалық сұрақтар соңына дейін көрсетілмеген. Анығырақ айтсақ формулалар толық емес. Кейде компьютердің өзі кібіртіктеп қалды «-дейді мұғалімдер жағы.

Бұл кемшіліктердің бәрі жалпылама қолданысқа дейін түзетіледі. Сондықтан да 15-ші лицей оқушылары сынаққа алынды дейді білім департаментіндегілер. Айтпақшы, №86 мектептің де оқушылары осындай тест тапсырды.

Биылғы және келесі жылғы мектеп бітірушілері ҰБТ ны баяғы қалыппен тапсырады. Айта өтейік, ұлттық ЖООна түсу үшін 70 балдан жоғары, медициналық оқу орнының студеніт атану үшін 55, қалғандарында біоім алғыңыз келсе 50 бал жинақтауыңыз керек. ҰБТ онлайн режимінде тапсырады. Емтихан нәтижесі де тестілеуден соң бірден белгілі болмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-HDxgpi7ExU[/youtube]