Шымкентте аулада тұрған көлікті құлаған ағаш басып қалды

477
Тамырымен опырылған ағаш көлікті басып қалды

Шымкентте осы апта дауылмен басталып, біраз дүниені бүлдіріп кетті. Оған қоса жаңбыр да төпеп жауып, үйлердің ауласын су басты. Сол дауылдың жыры әлі де жалғасуда.

Тамырымен опырылған ағаш көлікті басып қалды
Тамырымен опырылған ағаш көлікті басып қалды

Қалада қатты желдің әсерінен бір үйдің ауласында ағаш құлап, автокөлікті басып қалды. Абырой болғанда көліктің ішінде адам болмаған. Оқиға Сайрам шағынауданындағы № 2 үйдің ауласында орын алды. Жергілікті тұрғындар қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары осыдан біраз күн бұрын келіп, өсіп тұрған ағаштың түбін қазып кеткен еді дейді. Соның салдарынан түбі босаған тал желдің екпініне шыдас бермей, құлап түскен. Ал жүргізуші аулаға көлігін аз ғана уақытқа қойып, қайта оралғанда жағасын ұстаған.

Жеңіл көлік қайта жөндеуге келмейді
Жеңіл көлік қайта жөндеуге келмейді

Ағаш құлаған аулаға Еңбекші аудандық әкімдігінің өкілдері де келді. Олар бұл оқиғаға жүргізушінің өзі кінәлі деп отыр. Ал талдың айналасын қазып кеткен мекеменің атын да білмейді. Тек, бұл жұмыстың тендерін қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі жүргізгенін алға тартады. Қазір құлаған ағашты жұмысшылар аралап, шауып жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=W5ugGkV0IRw[/youtube]