«Үй дәрігері» құрылғыларын сатып алыңыз

Үй дәрігерін сатып алыңыз

 

Үй дәрігерін сатып алыңыз
Үй дәрігерін сатып алыңыз

Үйден шықпай-ақ емделуге болады. Шымкентте Елатом құрылғылар зауыты жасап шығарған физиотерапевтік аппараттардың медициналық көрмесі ашылады. «Үй дәрігері» сериясындағы аппараттарды ертең «Медтехника» дәріханасында зауыт бағасымен сатып алуға болады.

Алмаг01, магофон және теплон деп аталатын құрылғылар арқылы бар жарақаттан, күйік, жүрек қан тамырлары, гинекологиялық тағы басқа түрлі аурудан айығуға болады.

49 ауруға ем деген Алмаг 01 құрылғысының ғажайып мүмкіндігін сынауға мұнда 10 даған науқас келіпті. Олардың арасында жетпістің бесеуіне жеткен әжей Валентина Ямщикова да бар. Қарияның жиырма жылдан бері аяқ қолдары сырқырап ауырады. Осы медициналық құрылғы арқылы неврологиялық, гинекологиялық, жүрек қан тамыр секілді ауруларынан айығып кетеріне сенеді әжей.

Валентина Ямщикова, қала тұрғыны: «Бұл құрылғы жайлы естіп келіп отырмын. Сатып алсам деп ойлап жүрген едім. Бүгін орайы келіп тұр екен».

Ресейдің Елатом медициналық құрылғылар зауытының Қазақстан нарығына шыққанына 12 жыл болды. Осы уақыттан бері, «Үй дәрігері» сериясымен шығатын физиотерапиялық бес аппарат түрлі дерттерден шипа іздеушілердің үлкен сұранысына ие. Мәселен, «Магофон» құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Бұл құрал тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі, сонымен қатар кеуде сырқаттарына шалдыққанда қолданылады.

Жанар Оразбаева, дәрігер- физиотерапевт: ««Магофон» құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Әсіресе жас спортшыларға алуға кеңес берер едім. Құлап, сүйегі сынғанда таптырмас құрал. Парадонтоз, подагра, варикозда да көмектеседі. Ал, «Алмаг» пен «Фея» аппараттарының бар емдеу мүмкіндіктерін бір ғана «Теплон» құрылғысынан табуға болады. Теплонды» мұрын, құлақ сияқты көптеген мүшелерді жылыту үшін қолдануға болады. Қыздыратын инфра қызыл сәулелері бел, буын, демалу жүйелерінің дерттеріне шалдыққанда ем алуға жақсы. Ол кішкентай балаларға қолдануға да жарамды. Өте ыңғайлы, ең бастысы әрбірі өзіне тиімді температураның режимін таңдай алады».

Физиоемдеуге қажетті құрылғыларды дәрігердің нұсқауынсыз ақ сатып алуға болады. Әр Үйде отырып-ақ дерттерді емдеуге мүмкіндік беретін құрылғылары «Медтехника» дүкенінде бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nVT6usZDoY0[/youtube]