«Еламед» компаниясы көрме-жәрмеңке өткізіп жатыр

397

1

«Еламед» компаниясы «Үй дәрігері» сериалы физио-емдеу аспаптарының сатылым-көрмесін қолға алды. Енді мың бір дертке дауа медициналық қондырғыларды зауыт бағасымен алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Шипалы өнімді алдағы 4 күн бойы өтетін жәрмеңкеден арнайы жеңілдікпен сатып алып, үйден шықпай-ақ айыға аласыз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GpuiY0dVGwM[/youtube]

 

Нұрғали Қалыны соңғы жылдары буын қабынуы дерті мазасын алыпты. Тіпті тізе буыным сырқырағанда, жанымды қоярға жер таппаймын дейді. Ауруды емдеу үшін науқас қымбат бағалы түрлі дәрі-дәрмекті тұтыныпты. Бірақ, нәтиже жоқ. Енді «Еламед» ұсынған физио-емдеу аспаптарының көмегіне жүгінбек. Жасы жетпістен асқан қария қондырғының көптеген дертке шипа екенін жарнамалардан көріп келген.

8

Нұрғали Қалы, зейнеткер: «Газет-журналдарды ақтарып отырып, «Еламед» компаниясының өнімдері туралы оқып қалдым. Достарыммен кеңестім. Олар да мұны сатып алып, емделген екен. Мақтады. Мен артрит ауруымен ауырамын, сондықтан «Алмаг – 1″ қондырғысын сатып алып отырмын. Ең бір тиімді тұсы – бұл аспапты бір емес, бірнеше адам қолдана алады. Және ауруханаға барып, кезек күтіп сарылмайсың, маманның кеңесін тыңдап, оны үйде жасап, емделуге болады. Қолдану әдісі қиын емес.»

3
Бүгінде көпшілік аталған физио-емдеу аспаптарын «Үй дәрігері» деп атап кеткен. Медициналық қондырғылар қолжетімді болу үшін түрлі жеңілдіктер жасалған. Тіпті арнайы көрме-жәрмеңкесі де ұйымдастырылып отыр. Мұнда көпшіліктің сұранысы бойынша «Диамаг», «Унилор», «Стимэл», «Магофон», Теплон және «Алмаг-02» аспаптары қойылыпты. «Алмаг-02» қондырғысы 79 түрлі дертке шипа. Ал «Диамаг» бұл ұйқы қашқанда ғана емес бас ауруларын, инсульттан кейінгі кезеңді де емдеп жазады. Ағзадағы қан айналымды реттейді.

Наталья Коробейникова,
Наталья Коробейникова

Наталья Коробейникова, «Еламед» компаниясының өкілі: «Көрмеде «Алмаг-1» өнімі де қойылды. Ол остеохондроз, бүйректегі тас, варикоз, демікпе ауруларына ем. Жүйке жүйесі ауруының да алдын алады. Асқынған қант диабетін де емдеп жазады. Ас қорыту жүйесін де реттейді. Бас-аяғы 49 дертке шипа. Ал «Мавит » аппараты жарақат, буын, тыныс алу жүйелерінің ауруларын емдейді. Тіпті ер және әйел адамдарында кездесетін түрлі жұқпалы ауруларды да жояды. Және көрме-сатылым аясында тұрғындарға кітапша да үлестіріледі, жинақта осы физио-емдеу қондырғылары жайында толғырақ жазылған.»

2

Айта кетейік, «Үй дәрігері» сериасындағы физи-оемдеу қондырғыларының көрме-сатылымы Шымкентте 7-10 сәуір күндері аралығында өтеді. Мекенжайы: Республика даңғылы бойында орналасқан «Медтехника» дүкені.