ҰБТ: Тестті алғашқы тапсырғандар өзіне сенімді

406
талапкерлер көтеріңкі көңіл-күймен шықты
талапкерлер көтеріңкі көңіл-күймен шықты

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі пункте 694 талапкер тест тапсырып шықты. Оқушылардың он бір жыл оқыған білімін саралап, мұғалімдердің біліктілігін бағалайтын ұлттық бірыңғай тестті алғаш боп тапсырғандардың көңілі тоқ.

Талап қатаң болғанымен, қатты қысым болмады дейді талапкерлер. Бірі оқыған адам, қандай сыннан болса да сүрінбейтіндігін айтса, енді бірі қиын сұрақтар кездеспеді деп қуанады.

Ең бастысы, ата-аналар тыныш. Былтырғыдай қатаң қысым болмағандықтан, балалар білгенін белгілеп шықты дейді. Қай талапкермен тілдеспесеңізде, 100-дан аса балл жинайтындарына сенімді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SrpIrEvRXD0[/youtube]