14 жасар қызды жезөкше еткен

1176
"жеңгетайдың" бірі осы
"жеңгетайдың" бірі осы
«жеңгетайдың» бірі осы

14 жасар қызды жезөкше болуға мәжбүрлеген. Сайрам АІІБ-на 1998 жылы туылған қызының жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын арызданған. Жоғалған қыз Шымкент қаласында 1,5 ай бойы еріксіз тәнін саудалап келген. Полицейлер кәмелетке жасы толмаған жасөспірімді жыныстық саудаға салғандарды қолға түсірді. Жасөспірімді жезөкшелікке жеккендер 1959 және 1992 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғындары. Бірақ жас сұлуды тән саудасына саларда оның кәмелетке толмағанын білген жоқпыз деп бет бақтырар емес.

«Біз оның 14 жасар екенін білген жоқпыз. Ол бізге 1998 жылғы екендігін жасырып, 1995 жылы туылғанмын деп жүрді. Әке шешесі ажырасқандар. Үйінен қашып кеткен. Құжаттары да болған жоқ. «Метіркеңді» әкел, көмектесем дегенімде «апам қатал, үйге бара алмаймын» деді. Ақша жина дедім. Бір клиенттен 15 мың теңге алады. Тең жартыдан бөліп аламыз. 7,5 мың теңге оған, 7,5 мыңы маған. Бізде бәрі әділ болды,»-дейді күдікті.

Жәбірленушінің айтуынша, ата-анасы ажырасып өз қайғысымен боп жүргенде үйінен қашып кеткен. Сөйтіп жүріп «жеңгетайлардың» қолына түскен. Қыздарынан көз жазып қалған әкесі полицейлерге шағымданған.

«24 сәуір күні құрбыларымен бірге қалаға шығып кеткеннен қызым қайта оралған жоқ. Содан іздеп, ақыры таппаған соң Сайрам аудандық ІІБ-на арыздандым. Жедел іздестірудің арқасында қызымның тірі екенін білдім»,-дейді жәбірленушінің әкесі.

Ата-анасынан қашам деп, қақпанға түскен жасөспірімді саудалағандар әккі жүйемен жұмыс істеген. Азық-түлік сатушылары бетін бүркеген жеңгетайлар боп шыққан.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД басқарма бастығы: «Ұсталған екі азаматша белгілі жүйемен жұмыс жасап келген. Бірі азық түлік сататын дүңгіршекте жұмыс жасаған. Клиенттер келіп, «көбелекке» тапсырыс түскенде екіншісіне телефон арқылы хабарлап отырған. Қазір жасөспірім үйіне қайтарылды. Тергеу жүріп жатыр.»

Ұсталғандардың бірі  отбасылы, бала шағасы бар.

Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің бес бірдей бабы бойынша айып тағылған. Аталған іс бойынша қазір тергеу амалдары жргізіліп жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1neTy6TIt_Y[/youtube]