Апта бойы ауызсусыз қалған

283

Абай ауданына қарасты Бадам 1,3 шағынауданының тұрғындары билікке өкпесін наразылықпен жеткізді. 200-ден астам отбасы 4 ай бұрын ғана тіршілік көзіне қиындықпен қол жеткізген екен. Енді құбырлар жарылып, ағайын әбігерге түсті.

ауызсу жоқ
ауызсу жоқ

Бес күннен бері сусыз отырған Ұлжалғас Абдуллаеваның күні осылай басталады. Зауыттан ішуге болмайды деген суды тасып ішіп, амалдап отыр. Мұнда құбыр жарылып, бірден 200-дей отбасын сусыз қалдырған.

Ұлжалғас Абдуллаева, Бадам-3 көшесінің тұрғыны: «Мынандай ыстық күнде бір сағат мсусыз отырып көріңізші? Ал біз бір аптадан бері осындай қорлыққа шыдап келеміз. Тасып ішеміз, шомылудан қалдық. Жаны ашып жатқан бірі жоқ».

құбыр тесілген
құбыр тесілген

Ауызсуға осыдан төрт ай бұрын қолжеткізген тұрғындардың бес күннен бері бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Атқа мінерлер мәселеге мән бермеген.

Айта өтейік, біздің араласуымызбен жөндеу жұмыстары бірден басталып кетті. Мамандардың айтуынша, апатты жағдай көгілдір отын таратушылардың салғырттығынан орын алыпты.

жөндеу жұмыстары басталып кетті
жөндеу жұмыстары басталып кетті

Евгений Жимадиков, «Шымкент строй» құрылыс компаниясының бас инженері: «Газ берушілер құбырларын тартқан кезде судың құбырын жарып жіберген. Оны қалай болса, солай жалғаған. Сапасыз жамау қайта жарылып, тұрғындарды сусыз қалдырған. Қалада мұндай оқиғалар жиі кездеседі».

Газ мамандары кінәратты мойнына алып, жөндеуге кірісті. Кешке дейін тұрғындарға ауызсу беруге уәде берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Bo0sefwOFK0[/youtube]