Бүгін шілде түсті

853
сурет интернеттен алынды

Аптаған ыстық оңтүстікқазақстандықтарды әбігерге түсіргеніне он күннен асты. Алайда шілде бүгін түсті. Оның ыстығы 40 күнге созылатындықтан, қазақтарда «қырық күн шілде» деген сөз бар. Маусым айының 25 жұлдызынан тамыздың 5-не дейін күн өте ыстық болады. Бұл күндерді «Ұлы шілде» дейді. 

 

Ыстық шөлді қысуда
Ыстық шөлді қысуда

Шілде – парсының «Чіллә», яғни қырық деген сөзінен шыққан. Сол себепті болар, шілдеде 40 күн ыстық болады деген пікір қалыптасқан халық арасында. Шілденің шіліңгір күніне алдын-ала дайындалатындар да бар екен. Бірақ, біздің қаланың тұрғындары шілденің жайдары өтетініне сенімді.

Күннің ыстығынан қан қысымы көтерілетіндер көп. Солардың бірі-Венера Елтаева. Дәрігерлердің қадағалауының арқасында аман жүрген жанға қырық күн шілде жақпайды.

Ыстық түрлі ауруларды қоздырады
Ыстық түрлі ауруларды қоздырады

Венера Елтаева, қала тұрғыны: «Ыстықта шыдай алмаймын. Демалуымда қиын. Бірден қан қысымым көтеріліп кетеді».

Рас, аптаған ыстық адамдардың басын ауыртып, қысымын көтереді. Түрлі ауруларды қоздырады. Әсіресе, жүрегі ауыратындарға қиын.

Гүлсім Ахметова, кеңестік-диагностикалық емхананың бөлім меңгерушісі: «Қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын адамдардың жанында дәрі-дірмегі болғаны жөн. Сусыз көшеге шығуға болмайды. Сұйықтықты көп қолдану қанның қоюлап кетуінің алдын алады. Таңертең және кешкі салқында серуендегендері дұрыс».

шілденің алғашқы күні
шілденің алғашқы күні

Ал ауа-райын болжаушылар болса, шілдеде күн қоңыр салқын болмайды. Ыстық әрі 32-38 температураның арасында болады деп отыр. Күнде құбылатын ауа-райына да сенім жоқ. Сондықтан күннен сақтанып, жалаң бас жүрмеуге, үнемі ауызсуыңыз бен дәрі-дәрмегіңізді жаныңызда ұстауға кеңес береміз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FFQOMrU21LE[/youtube]