Екпе кестесі жаңа вакциналармен ауыстырылды

2278
Жаңа вакциналар сәбидлерді дифтериадан, көкжөтелден және столбняктан қорғайды
Жаңа вакциналар сәбилерді дифтериядан, көкжөтелден және столбняктан қорғайды

Медицинаға қатысты бас ауыртатын тағы бір мәселенің біріне енді нүкте қойылған секілді. Бүгіннен бастап екпе ережесіндегі вакциналар ауыстырылды. Дәрігерлер жаңа препарат баланың ағзасына ешқандай кері әсерін тигізбейді деп сендіріп отыр. Егу шарасы бүгіннен бастап қаладағы барлық емханаларда жасала бастады.

Жаңа вакциналар сәбидлерді дифтериадан, көкжөтелден және столбняктан қорғайды
Жаңа вакциналар сәбилерді дифтериядан, көкжөтелден және столбняктан қорғайды

«АКДС екпесін сәбилер туылғанда 2,3,4 айлық және 1 жасында алады»,- дейді дәрігер-иммунолог Жеңіс Үркінбаев. – Бұрынғы вакинаны  АбКДС-ке алмастырылды. Біз мұны сол бұрынғы инфекцияларға қарсы егеміз. Ол бүгіннен басталады. Оның ерекшелігі: тазартылған, денсаулыққа кері әсері жоқ. Бұл вакцинаны өндірушілер – Франция, Бельгия, Жапония.   

Алия Айғазиева 2 перзенттің анасы. Ол 4 айлық Мерейіне кезекті жаңа АбКДС екпесін жасатуға алғаш келгендердің бірі. Мұндай жағымды жаңалыққа ол өте қуанышты. Өйткені бұған дейінгі тұңғышына бұрынғы егілген екпенің салдарын денсаулығына қандай кері әсері болғанын ұмытпайды. Алия Айғазиева, жас ана: «Алғашқы балама осы вакцинаны салдырғанда сәл ауырлау болған, температурасы көтеріліп, мазасызданған еді. Ал қазіргі салдырған епке жеңіл екен. Қызым жыламай шықты. Өте жеңіл. Бұрын болмағаны өкінішті».

АБКДС вакцинасы дифтериадан, көкжөтел және столбняктан қорғайды
АБКДС вакцинасы дифтериадан, көкжөтел және столбняктан қорғайды

Бұрынғы АКДС вакцинасының жаңасы, сәбиді көкжөтел және иммунитетін қорғайды. Мамандардың айтуы бойынша бұл екпеден кейін кейін баланың денсаулығына ешқандай кері әсері болмайды. АбКДС жаңа вакцинасын бұрын да қолданған. Бірақ ол ақылы немесе денсаулығына АКДС жақпайтын сәбилерге егілген. Енді бұл вакцина барлық балаларға арналған. Сондай-ақ осы жылдан бастап АбКДС вакцинасын 6 жастағы балалар да қабылдайды. Күнтізбеге қосымша екпені оқушылардың иммунитетін күшейту үшін енгізген.