«Жасыл елдің» сарбаздары көріктендіруді қолға алмақ

Енді олар осыған дейінгі жылдарда отырғызылған 44 миллионнан астам тал-дарақты суғарып, баптайтын болады

«Жасыл ел» бағдарламасы жалғасын табуда. Биылғы науқанда 750-ден аса студент табиғатты қорғауға атсалысатын болады. Оның 350-і шалғай ауылдарда жұмыс істемек.

Айта өтейік, биылғы «жасыл ел» сарбаздары ағаш отырғызып, тал екпейді. Енді олар осыған дейінгі жылдарда отырғызылған 44 миллионнан астам тал-дарақты суғарып, баптайтын болады.

Ал әрбір еңбек сарбазы ай сайын республикалық және жергілікті бюджеттен түскен 32 мың 500 теңгені айлық жалақы ретінде алмақ.

Қуанарлығы сол, биылғы сарбаздар өткен жылмен салыстырғанда көп. Былтыр жасыл ел еңбек жасақтары 600-ді құраған болатын. Биыл да игі дәстүр жалғасын тауып, атырапты көгалдандыруға септігін тиігізбек.

Түрлі ұлт өкілдерінен құралған сарбаздар алдымен Достық лагерінде екі күндік демалысқа аттанып кетті. Алда қызу еңбек. Ескере кетейік, жасыл ел бағдарламасы елімізде 2005 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MbR7j5A4VI8[/youtube]