«Қамар сұлу» сахналанды

1131
облыстық опера және балет театры маусымын жапты
облыстық опера және балет театры маусымын жапты
облыстық опера және балет театры маусымын жапты

Облыстық опера және балет театрының сахнасында Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсының премьерасы өтті. Қоюшы режиссерлері ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафиз Есімов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Махинұр Рахманова. Айта өтейік, аталмыш қойылыммен өнер ұжымы 5-ші маусымын жапты.

КСРО халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің бұл шығармасы ғашықтықтың алауына арналады. қойылымда көктемнің лебіндей нәзік сезім иелері Қамар мен Ахметтің махаббат үшін күресі көрініс тапқан.

Еркеғали Рахмадиев, ҚР халық әртісі, қоюшы режиссер: «Мен бұл туындының тарихын жақсы білем. Еркеғали Рахмадиев «Қамар сұлуды» жазғанда небәрі 30 жастың ар жақ бер жағында болған. Үйдегі жеңгейге арналып жазылған шығарма еді. махаббатың жалыны бар ғой мұнда. ОҚО опера және балет театрының әртістерінің деңгейі жоғары. Шығармашылық потенциалдары да бай. Тек жастар қатысты қойылымға. Енді жастық шақтың, шын сезімнің шығармасы ғой бұл».

Байшыкеш Нұрым бойжеткеннің қарсылығына қарамастан қос ғашықты ажыратып, Қамарды әйелдікке алуға ұмтылады. Бай шонжардың сойылын соққандар сұлуды Нұрымның босағасына байлап беруге тырысады. Бұған қамардың ағасы Оспан да құмбыл. Қойылымның екінші бөлімінде Қамарды Нұрым бай алып тынады. Бірақ қайғыдан құр сүлдері қалған сұлуды әкесі Омар мен ғашығы Ахмет құтқарып қалады. Қойылымға дирижерлік еткен Қарақалпақстанның халық әртісі Аида Абдуллаева.

Жас өнер ұжымының шығармашылық деңгейі өте жоғары деген баға берді елімізге танымал бекзат өнердің беткеұстары. «Театрдың кемшіліктері де кем емес. Шығармашылық тұрғысынан емес. Мысалы, киімдері жұпыны, сахналық костюмдер кедей. жарық мәселесімен де дұрыстап айналысу керек. Бұл туралы облыс басшылығы құлаққағыс болса, өнерге жанашырлық танытса деген тілек қой менде» деп ағынан жарылды Ғафиз Есімов.