Әкім сайлауы әділ өте ме?

Сайлау Оңтүстіктен басталады
Сайлау Оңтүстіктен басталады
Сайлау Оңтүстіктен басталады

Сайрам ауданы бойынша 43 үміткер аудандағы 17 ауылдық округке әкім болудан үмітті. Қазір әр ауылдан түскен кандидаттар аймақтарындағы халықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Осылайша, олар бағдарламасын елге таныстыру арқылы халықтың жүрегіне жол тауып, аудандық депутаттың назарына ілігуге тырысып бағуда. Жалпы, ауыл әкімдерін сайлау әділ өте ме? Осы сұраққа жауап іздедік.

Ақылбек Айдарбекұлы
Ақылбек Айдарбекұлы

Ақылбек Айдарбекұлының соңғы кездері жұмысқа деген ниеті ерек. Өзі басшылық ететін Жібек жолы ауылдық округіндегі ауылдастарын көштен қалдырмай, ауыл жағдайын заманға сай жасасам дейді. Ол бұған дейін 3 ауылдық округтің әкімі болған. Әкім сайлауы арқылы тағы да басшылық қызметте қалса, бұрынғы басқару жүйесіндегі қиындықтар кездеспейді деген сенімде.

Ақылбек Айдарбекұлы, «Жібек жолы» ауылдық округінің әкімі: «Ал енді ауыл әкімі болып сайланғаннан кейін өзіңнің спец счетің болады. Өзіңнің спецсчетыға демеушілер есебінен қаржы құюға болады. Тұрғындарымен ұйымдасып тірліктер жүргізуге болады. Сол жиналған қаржы арқылы аулдың активімен сол мәселені бірлесіп шешуіміз керек».

Көлкент ауылынан түсіп жатқан үміткер Баһадүр Олжаевтің да әкімдіктен дәмесі зор. Коммуналды шаруашылық саласының білгілі бұрын да әкім болып елге қызмет еткен. Бірақ бұл жолғы сынның жауапкершілігін ол осы бастан-ақ сезініп жүр. Бәсекелестерін таниды. Тіпті, арасында достары да бар.

Баһадүр Олжаев
Баһадүр Олжаев

Баһадүр ОЛЖАЕВ, Сайрам аудандық коммуналды шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары: «Бұл жерде мен ойламын үлкен жауапкершілік болады деп. Неге десеңіз депутаттар сайлағаннан кейін, олардың арқасында халық тұрғаннан кейін, жауапкершілік болады деп ойлаймын. Сенім артқаннан кейін сенімді ақтау үшін барлық күшті алдыға қоюға тура келеді».

Үміткерлер бар күшін сайлауда жеңу үшін салары хақ. Оларды аудандық мәслихаттардың 24 депутаты сайлайды. олардың да руласы бар, құдасы бар. Сондықтан бұл саяси науқан төңірегінде тұрғындардың пікірі екіұдай.

Бүгінде Сайрам ауданы бойынша ауыл әкімдігіне үміткер 43 адам тіркелген. 5 тамызда өтетін ауыл әкімін сайлау науқаны еліміздің саяси жүйесіндегі сүрлеулі сынақ болғалы тұр. Ал, негізгі нәтижені ауыл әкімдері қызметінде отыратын 4 жылдың ішінде көрсетуі тиіс.

Уалихан ҚАЙНАЗАРОВ, Сайрам ауданының әкімі: «Трайбализмнен қауіп бар. Ол заңды да.  Бізде негізі, бұл ауданда ондай себеп жоқ. Ал басқа ағайындарымыз араласқан жерлерде енді ондай болуы мүмкін. Бұл жерде қай азамат, қандай дәрежеде болсын мемлекеттік дәрежеде ойламайынша, трайбализм, туысқандық, ағайындық, тамыр-таныстық деген секілді «аурулармен» ауыра беретін болады. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2lT9E5-WCQw[/youtube]