Балалар үйін жапқаннан тастандылар азая ма?

648
Балалар үйіндегі жетімдер азайған

 

Балалар үйіндегі жетімдер азайған
Балалар үйіндегі жетімдер азайған

Оңтүстік Қазақстан облысында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 120 балаға азайған. Алдағы үш жылда елімізде қараусыз қалған балаларға арналған 10 мекеме жұмысын тоқтатпақ. Оған себеп-өз ата-анасы өзектен тепкен бөбектерді бауырына басуға ниетті отбасылардың қатары күрт көбейген. 

Жанары жасты, жүрегі жүдеу жетімдердің саны бүгінде ел бойынша 30 мыңнан асады екен. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама кеміген көрсеткіш. Себебі, халықтың тұрмысы жоғарылап, жетім балаларға пана болатындардың қарасы көбейген.

Қырмызы Қожамжарова, №3 балалар үйінің директоры: «Бүгінгі күнге дейін 10 баланы ата-аналар асырап алып кетті. Қазір 1,2 ата-ана балалармен қарым-қатынас үстінде. Қамқорына алады деген үміттеміз».

Қазір облыс бойынша ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар саны 3063-ті құрап отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 120 балаға кеміген. Жанары жәутеңдеген балғындарды әсіресе патронаттық тәрбиеге алушылар қатары артып келеді дейді мамандар.

Айгүл Қасымбекова, Облыстық білім басқармасының бөлім бастығы: «2011 жылы балалар үйінен 30 бала патронаттық әдіспен ата-аналары алып кетсе, былтыр 10 биыл 7 ата-аналар алып кетіп жатыр. Оған қоса қорғаншылық-қамқоршылық жағдайында да алып жатады».

Қамқоршысыз қалған қара көздердің өз отбасын табуға арнайы сайт та бар екен. Былтыр ашылған порталда жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың түр-түсі мен мінездемесі ілінген. Бүгінде №3 балалар үйінде тәрбиеленген Жеңіскүл, Шахизада, Роза есімді қыздар ата-аналарын тапқан.

Қазақстанда алғашқы балалар үйі 1918 жылы құрылыпты. Жетімін жылатып, жатқа жаутаңдатпаған халқымыз жетімдер үйі дейтін мекемелерге мұқтаж болмаған.

Ал, қазір елімізде 13 мың бүлдіршінге пана болған 196 ұйым бар екен.

Бүгінгі күні Парламенттегі бір топ депутаттың бастамасымен сол жетімдер үйін түгел жауып, ондағы қара көздерді жаңа жанұясына немесе отбасылық үлгідегі баспаналарға орналастыру қолға алына бастады. Жетім көрсең – жебей жүр. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XKNJqhUUgPY[/youtube]