Демалыс күндері 4 адам суға кетті

202
суға кеткен азаматты құтқару мүмкін болмаған

 

суға кеткен азаматты құтқару мүмкін болмаған
суға кеткен азаматты құтқару мүмкін болмаған

Шомылу маусымы басталғалы суға кетіп, мерт болғандардың қатары кемімей отыр. Өткен демалыс күні Састөбе елдімекенінде тағы қайғылы жағдай орын алды. Судан құтқарушылардың мәліметінше, 7-шілде күні 19,20 және25 жастағы үш жас жігіт суға тұншыққан. Олардың денесі полицейлерге тапсырылды.

Кейін анықталғанындай, ажал құшқандардың қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны, ішімдік ішіп суға шомылғандары белгілі болды.

Тағы бір қайғылы жағдай Арыс ауданында орын алды. Сырдария жағалауында демалып жүргендердің бірі суға шомылмақ болады. Алайда бұл әрекеті қайғылы аяқталып, дарияның тентек ағысы 55 жастағы кісіні алып кеткен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hpyle8SDrKI[/youtube]

Жалпы, құтқарушылардың мәліметінше, тек шомылу маусымы басталғаннан бері облыс көлемінде 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Ең өкініштісі, солардың 3-еуі – жас балалар.