Мал ұрлаған Өзбекстан азаматы ұсталды

326
22 жастағы жігіт 1 млн 550 мың теңгенің малын ұрлаған
22 жастағы жігіт 1 млн 550 мың теңгенің малын ұрлаған
22 жастағы жігіт 1 млн 550 мың теңгенің малын ұрлаған

Сарыағаш ауданында ОҚО полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысып жүрген Өзбекстан азаматын құрықтады.

Сарыағаш АІІБ-не сол жердің жергілікті тұрғындары түнгі уақытта белгісіз азамат олардың бірнеше бас жылқыларын ұрлап кеткені туралы жазып арызданған. 83 жастағы қария наурыз айының ортасында қаскүнемдер оның ауласына кіріп, оның қорасында тұрған құны 300 мың теңгеге бағаланатын жылқысын ұрлап кеткенін айтқан. Ал, келесі 60 жастағы жәбірленуші өзінің арызында оның ауласынан 350 мың теңгеге бағаланатын жылқысын ұрлап кеткенін айтқан.

Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде, Сарыағаш АІІБ-нің полиция қызметкерлері 1991 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматын күдікті ретінде құрықтады.Ұсталған азамат өзінің істеген қылмысын толық мойындаған.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары ұсталған күдіктінің осы тектес тағы да, мал ұрлығына қатысы барын анықтады. Бұл қылмыс 2011 жылы тамыз айында орын алған. Ол кезде 57 жастағы жергілікті тұрғын арызданған, жәбірленушінің айтуы бойынша оның ауласынан 900 мың теңге бағаланатын екі жылқысының ұрланғанын айтқан. Ұсталған күдікті ұрлаған малдарын жергілікті базарларға апарып сатып, тапқан ақшасын өз қажеттілігіне жаратып отырған.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 175 бабы «Ұрлық » дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.