Құрметті азамат атанды

Шерім Медеуов
Шерім Медеуов
Шерім Медеуов

Кезінде Кеңестік жүйеде абыройлы қызмет атқарған, бүгінде зейнеткерлік демалыста болса да тәуелсіз елдің өркендеуі мен гүлденуіне үлес қосып жүрген ардагерлеріміздің бірі – Шерім Медеуов.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде баталы сөз айтып, ұлағатты өнеге беріп жүрген Шерім ата жақында Арыс қаласының құрметті азаматы атанды. Туған топырақтың түлегі ретінде теміржол бекетіндегі қаланың гүлденуіне кезінде мол еңбек сіңірген ардагердің үлесі осылайша ақталып отыр. Тыл ардагері, баскөтерер ер азаматтары түгелімен соғысқа аттанып, оралмаған, бір әулеттен қалған жалғыз тұяқ Шерім атаның өмір тарихы өте қызық. Әсіресе 70-жылдары «бізден де сапалы маман шықсыншы, біздің қазақтар да жоғары білім алсыншы» деген ниетпен білімге құштар арыстық жас жігіт Ерғали Жұмабаевтың қолына жолкіре етерсін деп 100 сом ұстатып тұрып, Мәскеуге шығарып салғанын, осылайша ауыл жастарының білім алуына жағдай туғызғанын арыстықтар бүгінде аңызға бергісіз етіп айтатыны бар.

«Оңтүстік Рабат» газеті Шерім Медеуовты құрметті атағымен құттықтайды!