Циркте қызмет етемін деген 5 түлек оқу грантын жеңіп алды

660
Цирк ұжымы жас өнерпаздармен және ата-аналарымен бірге
Цирк ұжымы жас өнерпаздармен және ата-аналарымен бірге

Оңтүстіктің түлектері тегін оқуға мүмкіндік алды. Енді жас түлектер Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінде білімін жалғастырмақ. Болашақ өнерпаздарға мұндай мүмкіндікті «Оңтүстік Цирк» мемлекеттік мекемесі жасап отыр.

Цирк ұжымы жас өнерпаздармен және ата-аналарымен бірге
Цирк ұжымы жас өнерпаздармен және ата-аналарымен бірге

 «Оңтүстік-цирктің» құрылғанына небәрі біржарым болды. Аз ғана уақыттың ішінде көрермен көзайымына айналған өнер ордасына кәсіби маман жетіспейді. Шығармашылық ұжым шетелдік мамандардың қызметіне жүгінуде.

Осындай олқылақтардың орнын толтырып, алдағы уақытта циркті кадрмен қамтамасыз ету мақсатында сала мамандары аталған оқу орнымен келісім-шарт түзіскен. Биыл колледж басшылығы республика бойынша түлектерді тегін оқытуға 10 грант бөліпті. Қуантарлығы соның 5-уін оңтүстіктің өрендері жеңіп алған. Олар Шымкенттік – Құрбан Маукил, Ирина Журапвская, Бәйдібектік – Жанболат Мұхтарұлы, Қазығұрттық Жасұлан Тұрғынбай мен Сайрам ауданыныдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Ти Игорь.

Мамандардың айтуынша, 3 жыл 10 ай бойы Алматыда дәріс алатын жас өнер иелері жылына 2 рет іс-тәжірибеден өту үшін «Оңтүстік-циркке» келеді екен.  Ал оқуын тәмамадаған соң аталмыш өнер ордасына жұмысқа қабылданбақ.  «Оңтүстік-цирк» ұжымы жас өнер иелеріне үміт артып отыр. Өнер ордасының мамандары осылайша маман тапшылығының жоюды көздеуде. Мамандардың айтуынша, мұндай бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.