Шымкенттік полицейлер 12 жасар қызды зорлаған педофилді іздестіруде

686
Фотосурет ғаламтордан алынған

Шымкенттің тәртіп сақшылары қыз зорлаған күдіктіні іздестіруде. Тамыз айының бас кезінде белгісіз біреу көп қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерге терезе арқылы кіріп, ұйықтап жатқан 12 жасар қызды зорлап кеткен. Оқиға таңғы сағат 6-лар шамасында, Әлия Молдағұлова көшесінің қиылысында болған.

Сыртқы бейне-бақылау камерасының жазбасы
Сыртқы бейне-бақылау камерасының жазбасы

Күдіктінің көшеде жалғыз іш киіммен жалаңаш кетіп бара жатқан сәтін жедел басқару орталығының бейнекамерасы түсіріп алады. Қазір қыз зорлаған сезіктіге іздеу жарияланған. Осы орайда тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан көмек сұрайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UWQfDiUFIsw[/youtube]

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті пәтерге терезе арқылы кіргенде қыз осы бөлмеде жалғыз өзі ұйықтап жатқан. Ал ата-анасы келесі бөлмеде болған. Жасы кәмелетке толмаған бүлдіршіннің 20-25 жастағы жігітке қарсылық көрсете алмағаны белгілі. Осыны пайдаланған азғын өзінің арам ойын жүзеге асырыпты. Айта кету керек, күдікті азамат туралы анық ақпарат берген азаматтарға полицейлер сыйақы да дайындап отыр. Қазір осы қылмысты ашуға облыстық ішкі істер департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған.